Пайғамбарымыздың ﷺ мешітінің шатырын Рамазан айындағы иғтиқафқа дайындауда

Пайғамбарымыздың ﷺ мешітінің шатырын Рамазан айындағы иғтиқафқа дайындауда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Медине қаласында орналасқан Пайғамбарымыздың ﷺ мешітінің шатырын алда келе жатқан Рамазан айында 10 мыңдаған мүміндердің құлшылық етіп, жайғасуына мүмкіндік жасау үшін дайындық жұмыстары жүргізілу үстінде.

«Марва-Турдың» мәлімдеуінше, қасиетті мешіт Төралқасы дайындық жұмыстарын бастау туралы шешімді қабылдаған.

Қасиетті Рамазан айында аталмыш мешітте иғтиқафта болуға ниеттенген қажыларды тіркеумен арнайы құрылған жұмысшылар тобы айналысатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, Рамазан айында иғтиқафта болуды қалайтындар үшін мешіттің аумағынан шатыр бөлу жөніндегі шешімді өткен айда Медине әміршісі – ханзада Фейсал бин Салман бин Абдулазиз қабылдаған болатын.

Иғтиқафта болатын мүміндер өздерінің заттарымен басқа құлшылық етушілерге кедергі келтіріп қана қоймай әрі аталмыш мешіт аумағының барлық жеріне орналасып алатындығы осындай шешімді қабылдауға негіз болып отырған көрінеді. Осы мақсатта Пайғамбарымыздың ﷺ мешіті аумағында олардың орналасуын бөлектеу туралы шешім қабылданған.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: