Ислам ғылымхалы

НАМАЗДА ОҚЫЛАТЫН КЕЙБІР СҮРЕЛЕР МЕН ДҰҒАЛАР

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Фатиха» сүресі

 

Оқылуы:
«Бисмиллаһир-рахмаанир-рахим, әл-хамду лилләһи раббил-'аләмин, әр-рахрмаанир-рахим, мәәлики иәумид-дин, ийаака  на'буду  уа ийаака нәста'ин. Иһдинас-сираатал-мустақим, сираатал- ләзина ән'амта ‘аләйһим, ғайрил-мағдууби ‘аләйһим уәладаал-лин».
Мағынасы:
Рахман һәм Рахымды Аллаһтың атымен бастай- мын.
Барлық мадақ пен мақтаулар әлемдердің Раббы Аллаһқа тән.
Ол Рахман һәм Рахымды.
Есеп күнінің, ақырет күнінің жалғыз Иесі.
 
(Ей, жын мен адамзат ендеше былай деңдер) «Саған ғана ғибадат етіп, Сенен ғана жәрдем тілеп, көмек сұраймыз.
Бізді тура (Саған қас қағым сәтте болсын ауытқымай, адаспай тіп-тіке, тұп-тура апаратын) жолға сал. (Сол жолда тұрақты ет. Діттеген межемізге, Саған жеткенге дейін бізді қорғаныңнан шығарма.)
Бізді өзіңнің ырыс-береке, ізгі-жақсылықтарыңды, ерекше шарапатыңды төккен салиқалы құлдарыңның жолымен жүргіз. Ашуыңа, қарғысыңа ұшырағандар мен тура жолдан тайып, адасып қараңғыда қалғандардың жолына емес. (Ондай күйге түсуден сақта бізді, ей, күллі жаратылыс әлемнің тізгінін қолына ұстаған Ұлы да Құдіретті,  әлемнің жалғыз Иесі, Рахман һәм Рақымды Аллаһым).
Әмин! Дұғамызды қабыл ет!


«Аятул-Күрсі»


«Аллаһу ләә иләәһә илләә һуәл-Хайюл-Қайюм. Ләә тәхузһу синәтун  уә ләә нәум. Ләһу мәә фис-сәмәәуәәти уә мәә фил-ард. Мән зәлләзии яшфа′у ′индаһу илләә бизниһ. Иа′ламу  мәә бәйнә әйдиһим уә мәә халфаһум. Уә ләә юхитуунә бишәйм-мин  ′илмиһи  илләә бимәә шәә′. Уаси′а курсиюһус-сәмәәуәәти  уәл-ард. Уә ләә иәуудуһу хифзуһумәә уә һуәл-′Алюул-′Азиим».
Мағынасы:
«Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол Хай (Әрқашан бар һәм тірі, бастауы мен ақыры болмаған өмір иесі. Һәм Қайюм (Өзіне тән затымен бар, жоғалудан пәк, ада және барлық болмысты  болмыс әлемінде ұстап, оларды басқарушы). О қалғымайды да ұйықтамайды. Көктер мен жердегі нәрселердің бәрі Соныкі. Оның құзырында өз рұқсатынсыз кім шапағат ете алмақ? Ол жаратқан болмыстарының алды мен артының бәрін түгелдей біледі. Олар Оның қалауынан басқа ілімінен еш нәрсе ұға алмақ емес. Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді қамтиды. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Ол - аса ұлы һәм аса зор».
Пайғамбарымыз: «Кұранда ең үлкен аят - Аятул- Күрсі. Бұны кім оқыса Аллаһ сол сәтте бір періште жіберіп, ертеңге дейін жақсылықтарын жазып, жамандықтарын өшіртеді. Шайтан бұл аят оқылған үйге отыз күн бойы жақындай алмайды. Һәм ол үйге қырық күн сиқыр әсер етпей, сиқыршы кіре алмайды. Ей, Әли! Осыны бала- шағаңа, отбасыңа, көршілеріңе үйрет» деп аталмыш аяттың қасиетін айтып кеткен.
 
                                                 «Ықылас» сүресі 


Бисмиллаһир-рахманир-рахим
«Қул һуАллаһу  әхад, Аллаһус-самад, ләм иәлид уә ләм юуләд, уә ләм иәкул-ләһу куфуан әхад».
Мағынасы: Аллаһ - жалғыз.
Аллаһ - Самад. (Күллі жаратылыс әлем Оған мұқтаж.
Ол еш нәрсеге мұқтаж емес. Барлық нәрсе тек сол Ұлы Жаратушыдан жәрдем тілейді. Одан өзге ешкім көмек бере алмақ емес).
Ол тумады да туылмаған.
Оған тең келер еш нәрсе жоқ», - де. (Ол теңдесі жоқ, теңдессіз. Жаратылғанға мүлде ұқсамайды. Жаратылмаған, жаратылу, туу мен туылудан мүлдем пәк, әуелі мен ақыры болмаған аса құдіретті Жалғыз Ұлы Жаратушы).

 

«Фәлақ» сүресі


«Құл ә'узу бироббил-фәлақ, мин шарри мәә халақ, уа мин шарри ғоосиқин изә уақаб, уа мин шаррин- нәффәәсәти фил-'уқад,  уа мин шарри  хәәсидин изәә хәсад».
Мағынасы:
Таңның Раббысына сыйынамын. Жаратқан нәрселердің кесірінен. Қараңғылық басқан сәтте, түннің кесірінен.
Түйіншектерге дем салған дуалаушылардың кесірінен.
Һәм қызғаныштан тұла бойын өрт шалған көре алмаушылардың күндеген сәтте кесірінен, - де.
(«Жаратқан нәрселердің кесірінен, қараңғылық басқан сәтте түннің кесірінен, түйіншектерге дем салып, дуалаушылардың кесірінен және де қызғаныштан тұла бойы өрт болып жанған көре алмаушылардың күндеген кесірінен таңның Раббысына сыйынамын», - де)

 

«Нас» сүресі


 
«Қул ә'узу бирраббин-нәәси, мәликн-нәәси, иләәһин-нәәс,  мин шаррил-уәсуәәсил-ханнаас, әлләзии юуасуису фи судуурин-нәәси, минәл-жиннәти уәннәәс».
Мағынасы:
Адамдардың Раббысына, Адамдардың жалғыз Иесіне, Адамдардың Құдайына сыйынамын. Сол бір азғырған шайтанның кесірінен.
Ол - адамдардың  жүрегіне жаман ой салып азғырады.
Ол шайтан жындардан да адамдардан да шығады,
- де.
(«Адамдардың жүрегіне жаман ойлар салып, азғыратын жын мен адам шайтанының кесірінен адамдардың Раббысына, адамдардың жалғыз Иесіне, адамдардың Құдайына сыйынамын», - де.)