Соғыс кезінде кәпірлердің қолынан өлген шейіттер жуылмайды. Тек қана кебіндікке лайық көйлекпен кебінделеді. Олар қандарымен қоса көміледі. Яғни, қандары жуылмайды. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Шейіттер жуылмайды. Өйткенң, әрбір жарасы мен әрбір қаны қиямет күні айналаға миск секілді жайылады303. Аллаһ Елшісі Ухуд шейіттерін қандарымен қоса жерледі. Оларды жумады әрі намаздарын да оқымады. Ханафилар бойынша, жаназа намазы оқылады. Шейіттерге жаназа намазы оқылмауының хикметі - жаназа намазы өлілерге оқылады. Шейіттер болса тірі. Құранда оларға: «Аллаһ жолында өлтірілгендерді (шейіттерді) өлі демеңдер, олар тірі, бірақ сендер сезіп біле алмайсыңдар»304, - деп айтылады.