Ислам ғылымхалы

Жаназа намазы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл-жуылыптазаланғанмәйітүшінмұсылмандардың дәрет алып, құбыла жаққа қарап, түрегеп тұрып оқыған намаз бен мәйіт үшін жасайтын дұға. Жаназа намазы
- кифая парыз. Яғни, бір аймақта бірнеше мұсылман жаназы намазын оқыса жетіп жатыр. Егер оқымаса,  барлығы бірге жауапкер және күнәлі. Жаназа намазының шарты - ниет. Бұл ниетте мәйіттің ер немесе әйел, ер бала немесе қыз бала екені білдіріледі. Имам Аллаһ ризалығы үшін жаназа намазын оқуға және сол мәйітке дұға етуге ниет етіп, «Аллаһу әкбар» деп тәкбір алып, намазды бастайды. Жамағат та ниет етіп, имамға ұйиды. Мәйіт еркек болса, «Мына ер үшін», әйел болса, «Мына әйел үшін» деп ниет етеді. Балалар үшін де осы түрде ниет етеді. Жамағаттан бір адам мұны біле алмаса, имаммен бірге намаз оқуға ниет қылады.
Жаназа намазының парызы - тәкбірлер мен қиям. Бұл намазда рукуғ, сәжде, Құран оқу, тәшәһһүд жоқ. Шарттары алты:
1. Мәйіттің мұсылман болуы.
2. Өзінің және қойылған жердің таза болуы.
3. Жамағаттың алдында болуы.
4. Дене мүшелерінің басым көпшілігінің немесе басы, денесінің жартысының бар болуы.
5. Жерге қойылуы.
 
6. Намаз оқитын адамның себепсіз бір нәрсеге мінбеуі немесе отырмауы. Жаназа намазында жамағат шарт емес. Бір ер мұсылман немесе бір әйел мұсылманның оқуымен парыз орындалады.


Жаназа намазының сүннеті


Имам жаназаның көкірек тұсында тұруы.
Бірінші тәкбірден кейін «субханака Аллаһумма» дұғасын «уа жәллә сәнәәука» бөлімімен бірге оқу керек.
Екінші тәкбірден кейін Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айту.
Үшінші тәкбірден кейін мәйітке, өзіне және күллі мұсылман қауымына дұға ету. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына дұғасын оқу абзал305.


Оқылуы: «Аллаһуммәғфир  ли хаййнәә  уә мәййтинәә  уә шаһидинәә  уә ғаибинәә уә зәкәринәә уә унсәнәә уә сағиринәә уә кәбиринәә.
Аллаһуммә мән ахиәйтәһу миннәә фә ахиһи ‘алал-
исләм уә мән тәуәффәйтәһу миннәә фа тәуәффәһу ‘алал-иман»
Мағынасы: «Аллаһым! Тірілерімізге, өлілерімізге, осы жердегілерге және мұнда болмағандарға, ерлерімізге, әйелдерімізге, кішіміз бен үлкенімізге кешірім ет!

 

305 Әбу Дәәуд, Жанаиз, 38.
 
Аллаһым! Бізден кімге өмір берсең, соған ислами өмір нәсіп ет! Ал арамыздағы ажалы жеткен құлдарыңның жанын иманмен ала гөр!».
Осы дұғадан кейін жаназаға қарай төмендегі дұғалардың бірі оқылады:
Егер жаназа ер кісі болса мына дұға оқылады: 

Оқылуы: «Уә хуссә Һәзәл-мәйитә бир-раухи уәр- рахати уәл-мәғфирәти уәр-ридуан.
Аллаһуммә ин кәнә мухсинән фәзид фи ихсәниһи уә ин кәнә мусииән фә тәжәуәз ‘анһу уә лаққиһил-әмнә уәл-бушрәә уәл-кәрәмәтә уәз-зулфәә бирахмәтикә иә архамар-рахимиин».
Мағынасы: «Раббым! Әсіресе мына өліні, рақымға, рақаттыққа,  кешірімділікке және бақыттылыққа жеткіз.
Аллаһым! Бұл өлі кісі ізгілік істеген адам болса, Сен оның жақсылығын арттыр.  Егер бұл өлі жамандық жасаған болса, жазасын  бермей рақым ет. Күнәларын кешір.
Бұл өліні қорқыныштан сақта. Рақым- шарапатыңменсүйіншіле.Оныақыреттебақыттылыққа бөлеп, жоғары мәртебеге шығар. Ей, рақымдылардың рақымдысы Аллаһ Тағалам!»
 
Егер жаназа әйел болса мына дұға оқылады:


«Уә хуссә һәзиһил-мәйтәтә бир-раухи уәр-раахати уәл-мәғфирәти уәр-ридуан.
Аллаһуммә ин кәнәт  мухсинәтән  фәзид фи ихсәниһә уә ин кәнәт мусиәтән фә тәжәуәз ‘анһәә уә лаққиһәл-әмнә уәл-бушрә уәл-кәрәмәтә уәз-зулфә бирахмәтикә уә архамар-рахимиин».
Бұл дұғаның мағынасы да, ер кісі үшін оқылатын дұғаның мағынасымен бірдей.
Жаназа ер бала болса мына дұға оқылады: 
Оқылуы: «Аллаһуммәж'алһу   ләнәә фәрәтан уәж'алһу ләнәә әжрән уә зухрән уәж'алһу ләнәә шаафи'ан уә мушаффа'ан.
Мағынасы: «Аллаһым! Бұл баланы жәннатта бізді қарсы алушы және ақырет сыйы ет!
Аллаһым! Бұл баланы бізге шапағатшы ет және шапағатын қабыл ет!».
Жаназа қыз бала болса, мына дұға оқылады 
«Аллаһуммәж'алһә  ләнәэ фәрәтан уәж'алһә ләнәә әжрән уә зухрән уәж'алһә ләнәә шафи'атән  уә мушаффа'атән».
Мұның  да мағынасы ер балаға оқыған дұғаның  мағынасымен бірдей. Дұғаны  білмесе
«Аллаһуммағфирли  уә ләһу уә лил-мумининә  уәл- муминат». «Аллаһым! Мені және барлық мұсылмандарды кешір» - дегенді ғана айтады. Осы дұғалардан кейін имам төртінші тәкбірді алып, оң мен солға сәлем береді. Жамағат та құпия сәлем береді. Жаназа намазына кешігіп жеткен адам имамға ниет етіп, имаммен бірге тәкбір алады. Имам сәлем бергеннен кейін дұға оқымай, тек тәкбірлердің қазасын қатар-қатар өтейді. Бірнеше жаназа болса, жеке-жеке оқыған абзал. Ең алғаш келтірілгенінің намазы оқылады. Бәрі бірге келсе, ең жақсы немесе тақуа болғаны - бірінші оқылады. Бәріне бір намаз оқыса да болады. Намаз оқуға мәкрүһ үш уақытта: яғни, күн шығып келе жатқан күн тас төбеде тұрғанда, күн батуға айналған кезде жаназа намазы оқылмайды. Бірақ бұл уақытта оқылса қазасы керек емес. Мазарда және мешіт ішінде жаназа намазы оқылмайды. Бірақ имам мен жамағаттың кейбірі-мешіт ішінде, кейбірі- сыртта тұрып оқыса болады. Намазды бұзатын нәрселер жаназа намазын да бұзады.
Тірі туылып, сосын өлген сәбиге ат қойылып, жуылып, кебінделіп намазы оқылады. Өлі туған балаға да ат қойылып, жуылып, бір матаға орап, жаназа намазын оқымай көмеді. Өлген екі қабат әйелдің құрсағындағы бала қимылдамаса, іші жарылып, бала алынады. Әдейі немесе қастандықпен ата-анасын өлтірген баланың немесе өлтірілген қарақшының намазы оқылмайды.
 
Пайғамбарымыз  (с.а.у.) мәйіт хақында «Намаз оқылғанға дейін жаназада болған адамға - бір қырат, көмілгенге дейін болғанға - екі қырат сауап бар». «Екі қырат деген не?» - деп сұрағанға, «Екі үлкен таудай»
- деп жауап қатты306.
Ханафилар бойынша, жаназа намазын алыстан сырт- тай оқу жақсы емес.


Жаназаның апарылуы мен жерленуі


Мәйітті қабірге дейін апару - сол мұсылманға ең соңғы жасалған қызмет. Сүннет бойынша, өлікті табыттың төрт жағынан төрт адам ұстап апарады. Он адам ұстау-мұстахап. Жаназаның басы-қасындағылар жолда орынсыз сөйлемеу керек. Дауыстап зікір айтыл- майды, Құран да оқылмайды. Өлім мен ақыретті ой- лайды. Жаназаны қабірге қойған кезде жүзін құбылаға қаратып, оң жағымен жатқызады. Кебіннің бас пен аяқ жағындағы түйіні шешіледі. Мәйіт қабірге қойылып, үсті топырақпен жабылғаннан кейін сол жердегі кісілер қабірдің үстінен үш уыс топырақ алып біріншісінде,
«сендерді осыдан жараттық»,  екіншісінде, «сендерді қайтадан  топыраққа  қайтарамыз», үшіншісінде,
«сендерді тағы да қайтадан  топырақтан шығарамыз (тірілтеміз)» аяттарын оқып салу - мұстахап. Қабірдің үйілген топырағының биіктігі нар түйе өркешіндей ғана болғаны жөн. Қабір екендігі белгілі болсын деп басын тастан тұрғызып, атын жазудың оқасы жоқ. Ай- наласын қарапайым етіп темірмен қоршауға да болады. Құраннан «Мүлк» сүресі сияқты кейбір сүрелерді оқуға болады. Өлік иесіне көңіл айту, жиі-жиі қабірді зиярат

 

306 Бухари, Жанаиз, 59
 
ету - сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) әр жылдың басында Ухудтағы шейіттерді зиярат етіп: «Әс-Сәламу алайкум бимә сабартум фә ни'мә уқбад-даар» - дейтін. (Сабыр еткендерің үшін сендерге сәлем! Саламатта болыңдар!). Пайғамбарымыз (с.а.у.) мазарға зиярат еткен кезде былай дұға ететін: 
«Әс-сәламу а'лайкум дәрә қауми муминин  уә иннә иншаа Аллаһу бикум лахиқун. Әсәлуллоһә лии уә ләкумл-'афиәта» (Ей, мұсылман елінің тұрғындары! Сәлем сендерге. Біз де иншаллаһ сендермен қауышамыз. Аллаһтан өзіме де, сендер үшін де кешірім, ақырет қорқынышы мен қиыншылықтарынан амандық тілеймін).
Пайғамбарымыз (с.а.у.) алғашқы кезде қабірді зиярат етуге тыйым салды. Кейін сахабалар мағрипат дәрежесіне жеткен кезде, мазаратқа зиярат етуге рұқсат берді. «Қабірге зиярат етулеріңе тыйым салған едім. Бұдан былай қабірді зиярат етіңдер. Зиярат сендерге өлімді еске түсіреді»307.
Мәйіт көмілместен бұрын немесе кейін жылауға болады. Бірақ даусын көтеріп, Аллаһқа қарсы келетін жаман сөздер айтпау керек. Өйткені, Аллаһ Елшісі ұлы Ибраһим үшін жылаған. Себебін сұраған кезінде ол
«Бұл - құлдарының жүрегіне салған Аллаһ Тағаланың рақымы. Рақымды құлдарына ғана Аллаһ рақымдылық жасайды»308.


307 Тирмизи, Жанаиз.
308 Бухари, Жанаиз, 44.