Намазды жеке оқу үлгісі
Бамдат намазы
Бамдат намазының алдымен екі рәкат сүннеті оқылады. «Бүгінгі бамдат намазының екі рәкат сүннетін оқуға ниет етттім» деп ниет етіп, дереу екі қолын екі құлағына тақап, «Аллаһу әкбар» сөзін айтып, тәкбір алады. Осыдан кейін қолдарын байлап, «Субханака Аллаһумма уә би-хамдика уә тәбәракас-мука уа та'ала жәддука уә ләә иләһә ғайрука», «Ә'узу биллаһи минаш- шайтанир-ражим, Бисмиллаһир-рахманир-рахим» дейді де, «Фатиханы» оқып, соңында іштен «әмин» дейді. Одан
229 Бухари, Әзәб, 107.
230 Әбу Дәәуд, Салат: 32.
кейін Құраннан ұзақ бір аят яки үш қысқа аят немесе сүре оқылады. Бұдан кейін «Аллаһу әкбар» дейді де, рүкүғке барады. Бұл жерде кем дегенде үш рет «СубханАллаһил- азим» деп тәсбих айтады. Сосын «Сәми' Аллаһу лимән хамидаһ» сөзін айтып, қиямға барады. Қиямға барысымен
«Аллаһумма Раббәнэ уә ләкәл-хамд» деп айтады. Бұдан кейін «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады. Сәждеде үш рет «Субхана Раббиял-а'ла» дейді де, «Аллаһу әкбар» деп, сәждеден түрегеліп, бір тәсбих айтылатындай уақыт отырады да, қайта «Аллаһу әкбар» деп екінші сәждеге барады. Мұнда да үш рет «Субхана Раббиял-а'ла» деп тәсбих етеді. Осылайша бір рәкат аяқталады.
Екінші сәждеден кейін «Аллаһу әкбар» деп, екінші рәкатқа бастау үшін қиямға тұрады. Түрегеп тұрып тек қана «Бисмиллаһ» пен «Фатиха» және қосымша сүре оқылады. Бұдан кейін бірінші рәкаттағы секілді рүкүғ пен сәжде жасалады. Екінші сәждеден кейін отыра- ды. Бұл - екі рәкаттық намаздың соңғы отырысы. Осы жерде «әт-тахият», «салауат», «раббанә әтина» дұғалары оқылады. Олар мыналар: «Әт-тахияту лиллаһи уас- салауату уа'таййбату, әс-сәламу а'ләйка әйюһән- нәбию уә рахмәтуллаһи уә бәрәкатуһу, әс-сәламу а'ләйна уә а'ла ибәдиллаһис-саалихин, әшһаду ән ләә иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһ»,
«Аллаһумма салли а'ла Мухаммәдин уә а'ла әли Мухаммәд. Кәмәә саллайта а'ла Ибраһимә уә а'ла әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид. Уә бәәрик а'ла Мухаммәдин уә а'ла әли Мухаммәд. Кәмәә бәәрәктә а'ла Ибраһимә уә а'ла әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжид».
«Раббәнәә әәтинә фид-дүниә хасанатән. Уә фил- әәхирати хасанатән. Уә қинәә а'заабан-наар.» Осыдан кейін барып «әс-Сәламу а'лайкум уә рахматуллаһ» - деп алдымен - оңға, сонан соң - солға сәлем береді. Міне, осылайша екі рәкаттық намаз аяқталады. Негізі намаз осы екі рәкаттық қозғалыстан тұрады. Бұл намаздағы барлық «тәкбір», «тәсбих», «қырағатты» түгелдей құпия оқиды. Ер мен әйелдің намаздағы айырмашылықтары жайлы жоғарыда айтып өткенбіз.
Міне, екі рәкат сүннет біткеннен кейін бамдат намазының екі рәкат парызы басталады. Алдымен қамат айтылады да, парызға ниет етіледі. Осыдан кейін қолдарын көтеріп, «Аллаһу әкбар» деп, намазға бастайды. Бұл екі рәкат тұп-тура, жоғарыда өткен екі рәкат сүннет секілді оқылады. Бірақ «Фатихадан» кейін Құранды көбірек оқу - сүннет. Бұл сүннеттің азы - қырық аят. Бірақ үш аят оқыса да болады. Бамдат намазын жеке оқыған адам тәкбірлерді, «Фатиха» мен сүрелерді яки аяттарды, «Сәми' Аллаһу лимән хамидаһты» жария оқи алады.
Бесін намазы
Бесін намазының алғашқы төрт рәкат сүннетінің алдыңғы екі рәкаты дәл бамдат намазының екі рәкаты секілді оқылады. Яғни, сүннетке ниет етіп, қол байланып, екі рәкат оқып отырады. Бірақ бұл жерде әт-тахиятты оқығаннан кейін «Аллаһу әкбар» деп орнынан түрегеліп, қиямға барады. Салауат пен дұға оқылмайды. Салауат пен дұға әрқашан намаздың соңғы отырысында оқылады. Қиямға барған соң «субханака» дұғасын оқымай, бірден Бисмиллаһ пен «Фатиха», Құраннан сүре оқылады. Одан
кейін рүкүғ және сәждеге барады да, сәжде жасаған соң қайта қиямға тұрады. Мұнда да бисмиллаһ, «Фатиха», аздап Құран оқылып, рүкүғ, сәжде жасап отырады. Бұл намаздың соңы болғандықтан, осы отырыс - «ақырғы отырыс» деп саналады. Міне, осы кезде «әт-тахият»,
«салауат», дұға оқылып, сәлем беріледі.
Ал бесін намазының парызы былайша оқылады: Сүннет оқылып біткеннен кейін қамат айтып, бесін намазының парызын өтеуге ниет етеді. Содан кейін екі қолын көтеріп, тәкбір айтып, қол байлайды да, дәл таң намазының екі рәкат парызы секілді оқылады. Бірақ түскі намаз төрт рәкат болғандықтан, екінші рәкаттан кейін отырып, «әт-тахиятты» оқиды да, «Аллаһу әкбар» деп орнынан түрегеліп, үшінші рәкатқа бастайды, Бұл жерде тек қана Бисмиллаһ пен «Фатиха» оқылады. Яғни, қосымша сүре, аят оқылмайды. Содан кейін рүкүғ пен сәждеге барады да, қайта «Аллаһу әкбар» деп, төртінші рәкатқа бастайды. Мұнда да тек қана Бисмиллаһ пен
«Фатиха» оқылып, рүкүғ, сәждеге барады да, ақырғы отырысқа отырады. Бұл соңғы отырыс болғандықтан,
«әт-тахияттан» кейін, «салауат» пен дұға оқып, сәлем береді. Осылайша бесін намазының төрт рәкаттық парызы аяқталады. Бұдан кейін бесін намаздың екі рәкат сүннеті оқылады. Бұл сүннетке ниет еткеннен кейін дәл бамдат намазының екі рәкат сүннеті секілді орындалады. Жеке адам бұл намазды құпия оқиды.
Намаздыгер намазы
Намаздыгер намазының парыздан бұрын оқылатын төрт рәкат сүннеті - мүәккад болмаған сүннет. Мұның әрбір екі рәкаты өз алдына жеке намаз секілді. Сондық-
тан бұл намазға бастарда адам намаздыгер намазының төрт рәкатына ниет етеді де, алғашқы екі рәкаттан кейін отырып, «әт-тахият» пен «салауатты» оқиды. Яғни, бұл жерде дұға оқылмайды. Міне, осыдан кейін «Аллаһу әкбар» деп, қайта үшінші рәкатқа бастайды. Бұл үшінші рәкатты бастарда намазды жаңадан бастағандай етіп, ал- дымен «субханака», «әуз'у мен бисмиллаһ», одан кейін
«Фатиха» және қосымша сүре оқып, рүкүғ пен сәждеге барады. Бұдан кейін тәкбір айтып, төртінші рәкатты бастайды. Рүкүғ пен сәждеден кейін отырып, «әт-тахия»,
«салауат», дұға оқып, екі жаққа сәлем береді.
Намаздыгер намазының төрт рәкат парызы дәл бесін намазының төрт рәкат парызы секілді оқылады. Айырмашылығы - намаздыгер намазына ниет ету. Бұл намаз құпия оқылады.
Ақшам намазы
Ақшам (намазшам) намазының үш рәкат парызы бесін мен намаздыгер намазының алғашқы үш рәкат намазы секілді оқылады. Алдымен ақшам намазының парызына ниет етеді де, қол көтеріп, тәкбір айтып, қол байлайды. Содан кейін жоғарыда айтылғандай екі рәкат оқылып, болған соң отырып, «әт-тахият» оқиды. Бұл - бірінші отырыс. Міне, осыдан кейін тәкбір айтып, үшінші рәкатқа бастайды. Бұл жерде Бисмиллаһ пен «Фатиха» оқылады да, сүре, аят оқылмай, рүкүғ пен сәждеге барып, ақырғы отырысқа отырады. Бұл жерде «әт-тахият», «са- лауат» және дұға оқып барып, екі жаққа сәлем береді. Ақшам намазында уақыт қысқа болғандықтан, қысқа сүрелер оқылады.
Ақшам намазының екі рәкат сүннеті - айна-қатесіз бамдат намазының екі рәкат сүннетіндей оқылады. Жеке адам ақшам намазы парызының екі рәкатын бамдат намазының парызы секілді жария оқи алады. Бірақ соңғы рәкатта Бисмиллаһ пен «Фатиханы» құпия оқиды.
Құптан намазы
Құптан намазының алдымен төрт рәкат сүнетті оқылады. Бұл - намаздыгер намазының төрт рәкат сүннетіндей мүәккад болмаған сүннет. Айна-қатесіз намаздыгердің төрт рәкат сүннеті секілді оқылады. Осыдан кейінгі оқылатын төрт рәкат құптан парызы да дәл бесін және намаздыгер парыз намаздары секілді оқылады. Айырмашылығы құптан намазына ниет етіледі. Осыдан кейін оқылатын екі рәкат сүннет бамдат намазының екі рәкат сүннеті секілді оқылады. Бұл жерде тек ниет өзгереді. Жеке оқыған адам құптанның алғашқы екі рәкатын жария оқи алады.
Үтір намазы
Үш рәкаттан тұратын үтір намазының оқылу тәртібі төмендегідей: Алдымен үтір намазына ниет етеді. Содан кейін қолын көтеріп, тәкбір айтып, қол байлап бастай- ды да, екі рәкаттан кейін отырып, «әт-тахият» оқиды. Осыдан кейін тәкбір айтып, орнынан тұрып, үшінші рәкатқа Бисмиллаһ пен «Фатиха» оқиды да, «әмин» деген соң, осыған жалғастырып аят немесе сүре оқиды. Осыдан кейін түрегеп тұрып, қолдарын құлағының тұсына дейін көтеріп, «Аллаһу әкбар» деп, тәкбір айтады да, қайта қол байлап, түрегеп тұрған бойы «құныт» дұғасын оқиды.
Содан кейін тәкбір айтып, рүкүғ пен сәждеге барып, ақырғы отырыс жасайды. Әдеттегідей «әт-тахият», «са- лауат» және «раббана әтина» дұғасын оқып, екі жаққа сәлем береді. Мұның дәлелі: Хазіреті Айша былай дейді:
«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) үш рәкат үтірді оқитын. Үш рәкаттан кейін сәлем беретін». Басқа бір хадисте Аллаһ Елшісі былай дейді: «Ей, Құран иелері! Үтірді оқыңдар. Өйткені, Аллаһ жалғыз. Тақ санды жақсы көреді»231.
Үтір намазы Рамазанда ғана жамағатпен оқылады.
«Құныт» дұғасын білмейтін адам «Рәббәнә әәтинә...» дұғасын оқи алады.
Құныт дұғасы. Бұл - Хазіреті Омар мен ұлы Абдуллаһтан (р.а.) бізге жеткен:
«Аллаһумма инәә наста'иинукә уә настағфирукә уә нәстаһдика уә ну'мину бикә уә нәтуубу иләйкә уә нәтәуәккәлу а'лайкә уә нусни а'лайкәл-хайрә күлләһу нәшкурукә уә ләә нәкфурукә уә нахла'у уә нәтруку мәй йәфжурук.
Аллаһумма ииәәкә на'буду уә ләкә нусалли уә нәсжуду уә иләйкә нас'а уә нахфиду наржу рахмәтәкә уә нахшә а'заабәкә иннә азаабәкә бил куффари мулхиқ».
231 Бухари, Дәауат, 69
Мағынасы: «Аллаһым, біз күмәнсіз сенен жәрдем және кешірім тілеп, сенен тура жол, һидаят сұраймыз. Саған иман етіп, күнәларымыз үшін саған тәубе етіп, саған сүйенеміз. Сені барлық жақсылықтармен мадақтап, зікір етеміз. Бізге берген ырыс-берекеңе шүкір етеміз. Сені теріске шығармаймыз. Саған қарсы келгендерді теріске шығарып, олармен мүлдем байланысымызды үземіз. Аллаһым! Біз тек саған ғана құлшылық етіп, сен үшін намаз оқып, саған сәжде етеміз. Саған лайық құл болып, сенің ризалығыңды алу үшін жігерленіп, қайраттанып алға ұмтыламыз. Сенің рақымдылығыңнан үміттеніп, азабыңнан қорқамыз. Күмәнсіз, сенің азабың кәпірлерді қамтиды».
Науқас адамдар намаздарын қалай оқиды?
Ақыл-есі дұрыс кісілер басқа жерлері науқас болса да діни міндеттерден жауапты. Бірақ дініміз бұл діни парыздарды атқару үшін оларға жеңілдік көрсеткен.
Намаз оқудағы жеңілдіктер:
Науқас кісі әл-қуат, шама-шарқына қарай намазын оқиды. Мысалы, түрегеп тұра алмайтын, яки, тұрған жағдайда ауруының күшеюі сияқты жағдайларда, отырып, оған да күші жетпесе, ыңғайына қарай шалқайып немесе жанымен жатып намазын оқиды.
Намазын бір нәрсеге сүйеніп түрегеп тұрып оқи алатындар сүйеніп оқиды.
Ифтитақ (ашу, бастау) тәкбірін түрегеп тұрып ала алатын болса, түрегеп тұрып алып, қалған намазын ша- масына қарай отырып, яки, жатып жалғастырады.
Орындыққа отырып оқуға да болады.
Отырып оқыған уақытта мүмкін болса аяқтарын жиған күйде, мүмкін болмаса құбыла жаққа созып оқи береді. Рүкүғ және сәжде ишарат жолымен жасала- ды. Ишарат: рүкүғда аздау, сәждеде көбірек басты ию арқылы жасалады. Ишаратпен де оқи алмайтындар көз, қас арқылы ишарат жасап оқи алмайды. Ишаратпен де оқи алмайтындар оқи алмаған намаздарының саны 5-тен аз болса, кейіннен қаза етеді. Ал 5-тен көп болса, қазасын өтемейді. Әбу Ханифаның басқа бір пікіріне сүйенсек, кейіннен қазасын өтейді. Науқас адамның алдына сәжде етуі үшін тақтай, жастық, орындық сияқты нәрселер қойылмайды.