Тозақтан құтылу жолдары

Тозақтан құтылу жолдары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тозаққа түсудің әуелгі себебі күпірлік болса, одан құтылудың басты жолы – имандылық, сосын игі амалдарды барынша көбірек істеу. Алла тағала Құранда иман келтіргендерін алға тартып: «Раббымыз! Иман келтірдік, күнәларымызды кешір және бізді от азабынан сақта», – деп дұға қылғандарды мысал еткен.

Сондай-ақ арнайы мәтіндерде келген тозақтан құтылудың шаралары туралы айтар болсақ, Жабир ибн Абдуллаһ (Алла әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Алла тағала: «Ораза – ол арқылы тозақтан қорғанатын қалқан», – деп айтты», – дейді.

Алла тағала: «Раббысының құзырынан қорыққанға екі жаннат бар», – деген. Алла елшісі (с.а.с.): «Қашан пенде аяқтарын Аллаһ жолында шаңға былғаса, оған тозақ оты тимейді», – деген.

Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Алла тағала (періштелерге пенделері туралы) Өзі жақсы біліп тұрса да: «Олар (Менен) не нәрседен пана сұрайды?», – дейді. Олар: «Тозақтан», – дейді. «Олар оны көрген бе?» – дейді. «Жоқ, уа, Раббы! Олар оны көрмеген», – дейді. «Егер олар оны көрсе, қалай болар еді?» – дейді. «Егер оны көрсе, бұдан да қатты қашып, (бұдан да) қатты қорқар еді», – дейді. Сонда (Алла тағала): «Мен оларды кешіргеніме сендерді куә етемін», – деп айтады», – дейді.
Алладан тозақ азабынан пана сұрауға қатысты дұғалар Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерінде өте көп келген.

Ең бергісі, Пайғамбар (с.а.с.): «Құрманың жартысымен болса да тозақтан сақтаныңдар», – деп айтқан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: