Шыршаның көз жасы. (Поэзия)

Шыршаның көз жасы. (Поэзия)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көгедай ШӘМЕРХАН

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың түлегі. 

Журналист,  Алматы облысы Жамбыл аудандық

«Атамекен» газеті редакторының орынбасары.

Шыршаның көз жасы

Жасыл шырша жылайды,

 Көздің жасын бұлайды.

 Менің діңім кесіліді,

Өзі дінін өшірді,

Ұмытты олар Құдайды.

 

Мың миллион торсылдақ,

Түні бойы тарсылдап.

Ақымақтар шошқадай,

Шыға келер қорсылдап.

 

 Шайтан зәрін кеседен,

Жұтар бәспен нешеден.

 Көзі, басы көлкілдеп,

Табылады көшеден.

 

 Тілегені жындардан,

Сұрағаны сұмдардан.

Ине жұтқан түлкідей,

Селтеңдейді шулардан.

 

Көрінгенге көз сүзіп,

Дауасызда ой бұзық.

Жарлы жатыр жарысып,

Жалғыз атын сойғызып.

 

Әйел мен қыз ербеңдеп,

"Бұлда қызық көрген",- деп

Құрбан айтпен Ораза айт,

Түсінгендер басқаша

Арабтардан келген,-деп.

 

Атамыздан тал қалар,

Әз Наурыз Салтымда.

Үлкен күнә азғындық,

Шариғаттың шартында.

 

Мұсылманның баласы,

Еліктеу сын демей ме?

Мақшар күні болғанда,

Тас тығылар көмейге.

 

Жын-шайтанның жолдасы,

Ақиқатты елей ме.

Уға бөксе аңқасы,

Жаратушы жебей ме?!

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: