Асығыстық жасамаңыз!

Асығыстық жасамаңыз!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл оқиға Қытайда болған екен. Бір ауылда өте кедей, әрі кәрі кісі болыпты. Жаңағы кедейдің ақ тұлпары болған екен. Оның тұлпарының сұлулығына сол елдің ханы ерекше тәнті болғандығы соншалық іштей қызғаныш отына өртеніп жүріпті. Хан кедейге алтын мен ақша берем деп қанша жалынса да, қария атын сатпапты. «Бұл ат жай ат емес, мен үшін таптырмас дос. Досты сату мүмкін емес» деп көнбейтіндігін білдіріпті.

Бір күні таңертең ат корада болмай шықты... Мұны естіген көрші-қолаңдары «Ақымақ екенсің! Ханның талабын орындай салғаныңда мұндай болмас еді. Ол сенен қалай алам десе де алады ғой. Ең дұрысы тұлпарыңды ханға сатқаныңда, алтынға батар едің. Енді не болды? Ат та ақша да жоқ» деп ұрысқан екен. Қария: «Асығыстық жасамаңыздар» деді де, сөзін сабақтап «біз қазір тек аттың жоғалғанын ғана білеміз. Мұның соңы немен бітері әлі бізге белгісіз. Бар болғаны осы. Анау еді мынау еді деп әртүрлі жаққа қарай тарта беруге болмайды», - дегенде ауылдағылар қарияның берген жауабына күліп үйлеріне тарады.

Арадан 15 күн өтпей, ат қайта оралды... Сөйтсе, ешкім оны ұрламапты, тауда жүріпті. Тұлпар үйге қайтарында өзімен бірге тағы 12 жабайы атты ертіп алып келіпті. Ауылдағылар мұны көре салып, анадағы әңгімелері үшін қариядан кешірім сұрапты.

- Оу, ақсақал! Сіздің сөзіңіз жөн болған екен. Сіз үшін атыңыздың жоғалғаны бақытсыздық емес, бақ құсы болыпты. Сонда қария тағы да:

- «Тағы да асығыстық жасап жатырсыздар. Ең дұрысы ат қайтып келді. Біздің білетініміз осы ғана. Кейін не боларын көре жатармыз. Кітаптың бірінші сөйлемін ғана оқып, ол кітап жайлы қалайша әңгіме айта аласыздар!?», - деп олардың сөздерімен келіспейтіндігін білдірді. Бұл жолы ауыл кауымы қарияны мазақтауға қысылса да, араларыңда кейбіреуі іштей « Алжыған болар?» деп тұрды.

Бір апта өтпей, жабайы аттарға мінемін деп қарияның жалғыз ұлы аттан құлап, аяғын сындырып алады. Үйдің нанын тауып жүрген бала енді біраз уақыт төсек тартып жататын болды. Ауылдағылар: «Сіздің анадағы сөзіңіздің жаны бар екен. Бұл аттардың кесірінен жалғыз ұлыңыз төсек тартып жатыр. Одан басқа ешкіміңіз де жоқ. Жағдайыңыз бұрынғыдан да мүшкіл күйге түсетін болдыңыз? - деп жандарының ашып тұрғанын білдірді. Сонда қария: - «Сендер асығыс шешім кабылдайтын дертке шалдыққан екенсіңдер. Неге асығыстық жасайсыңдар? Баламның аяғы сынды. Акиқат осы ғана. Қалғанының бәрі сендердің ойларың. Өмір осындай кішкентай сынақтардан тұрады. Ертең не болары бізге беймәлім», - деп ашуланғандай болды.

Бірнеше аптадан соң елді дұшпан әскерлері басып алды. Хан жас жігіттердің бәрін әскер болуға шақырды. Қарияның аяғы сынған ұлынан басқасының бәрін әскерге алып кетті. Ауылдағылар не істерлерін білмей қатты абыржыды. Өйткені шайқасты жеңіп шығу мүмкін емес, кеткен жастардың қайтып оралмауы айдан анық еді. Олар тағы да қарияға:

«Айтқаныңыз рас болып шықты. Аяғы сынық болып жатса да, ұлыңыз қасыңызда. Біздің балаларымыздың қайтып келе алмайтындары анық», - деп мұңдарын шағады. Сонда көпті көрген кария:

«Әлі де асығыстық жасап жатырсыздар. Алда не күтіп тұрғанын ешкім біле алмайды. Біз тек қана менің балам касымда, сендердікі әскерде екенін білеміз... Мұның қайсысы бақыт, қайсысы бақытсыздық екенін айта алмаймыз».

Ғибрат: Асығыстық жасамаңыз! Өмірдің кішкентай ғана бөлімін көріп, болашақ жайлы болжам жасап шешім қабылдамаңыз. Шешім ақылдың тоқтап калуымен пара-пар. Шешім қабылдасаңыз, ақыл әрі карай ойлауды тоқтатады. Осыған қарамастан ақыл адамды бір шешім қабылдауға үнемі итермелеп тұрады. Өйткені үнемі бір нәрселерді ойлау адамға қиын. Алайда бұл жол ешқашан бітпейді. Бір есік жабылса, басқасы ашылады. Бір мақсатқа қол жеткізген болсаңыз, одан да жоғары тұратын бір мақсаттың барын көресіз.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: