Періштелер ұрпақ қалдырып, көбеюге мұқтаж емес. Яғни, олар жынысқа бөлінбейді. Ислам діні келгенге дейінгі араб қоғамының періштелер жайлы сенімдері тым таяз болатын. Олар періштелерді «Алланың қыздарына» балап, ұл балаларды артық көретін.
Ұлы Жаратушы бұл айтылған пікірлерді жоққа шығару үшін «Олардан (Меккеліктерден) сұра: Қыздар Раббыларынікі де, ұлдар олардікі ме? Немесе періштелерді әйел жынысынан жаратқанымызға олар куә ме? Сақ болыңдар! Олар жалғандарын айта береді: Аллаһтың баласы бар деп олар мүлде өтірік айтады. Алла ұлдардан гөрі қыздарды артық көре ме? Сендерге не болды? Қалай шешім етесіңдер? Түсінбейсіңдер ме? Не сендердің ашық бір дәлелдерің бар ма? Шыншыл болсаңдар кітаптарыңды әкеліңдер.
Олар Алла пен періштелер арасында ұрпақтық байланыс ұйғарды. Расында періштелер олардың Алланың алдына келтірілетінін біледі. Алла олардың сипаттауларынан пәк», – деді. Зұхрұф сүресінде: «Олар Алланың құлдары еріштелерді өздерінше әйелдерге балайды. Олар (періштелердің) жаратылуын көріп пе еді? Олардың бұл куәліктері жазылады және сұраққа алынады»;
Және Нахыл сүресінде: «Олар: Алланың қыздары бар, – деседі. Алла одан пәк» деу арқылы бұл пікірдің мүлдем теріс екендігін аңғартады.