Бiр иманы берiк тақуа кiсi қажылық жасауға кетiп бара жатады. Ол жолда бiреудiң күресiнге өлген тауықтың етiн тастап кеткенiн көзi шалып қалады. Оның iзiнше әлгi тауықты сол жерден тауып алып, әкетiп бара жатқан қызды көредi. Қызды тоқтатып алады да:
- Мұның не? - деп сұрайды. Қыспаққа алған соң қысылып тұрған қыз, шынын айтады:
- Бiз жетiмдер едiк. Бiраз болды, ашпыз. Бiздiң бұл халiмiзден көршi-қолаңдарымыз бейхабар, - дейдi. Сонда әлгі кісі есептеп қараса, қажылыққа жұмсайтын қаражатқа деген мың динары бар екен. Одан қайтар жол шығынын өтейтiндей аз қаржы алып қалып, қалғанының бәрiн әлгi жетiмдерге бередi.
Сонсоң, ол кiсi қасындағыларға:
- Жетiмдерiм аш болып, қоқыстан өлген тауықтың харам етiн жеп жүргенде қажылықты қайтiп өтейiн, - деп керi қайтқан екен.