Халиф пен ауру кемпiр

Халиф пен ауру кемпiр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хазiрет Әбубәкiр халиф (патша) боп өмiр сүрген заманда, күнiге кешкiлiк жұмыстан соң, жаяулатып қала сыртына шығып кетедi екен. Қасына ешкiмдi ертпейдi. Қайда баратынын да, не iстейтiнiн де тiрi жанға айтпайды. Бiрде оны досы Омар аңдиды. Сөйтсе, Әбубәкiр ақсақ аяғын сүйрете басып қала сыртындағы жаман лашыққа кiредi. Ет пiсiрiм уақыттан соң шығып, қалаға қайтып кетедi. Ол кеткен соң әлгi лашыққа Омар кiрсе, өзi ауру, көзi соқыр кемпiр мен бiр-екi бала ойнап отыр. Амандасып болған соң, Омар:

- Апа, қалай күнелтiп жатырсыз?- деп жағдай сұрайды. Сонда ауру кемпiр:

- Шырағым, көрiп отырсың, тұрмыс ауыр. Әйтеуiр бiр мұсылман баласы күнде келiп, азын-аулақ азық әкелiп, тамақ пiсiрiп, ыдыс-табақ, кiр-қоңымды жуып кетiп тұрады.

Оған Алла разы болсын, айналайын,- дептi. Мұны естiген Омар:

- Әй, Әбубәкiр-ай, сен бiзге шектен тыс меже қойыпсың. Ендi қайтiп бiз сенен артық сауап жинаймыз, - деп жылап жiберiптi.

Сөйтсе, ол кезде сахабалар арасында көбiрек сауап жинап, Алла ризалығын артығырақ алып қалуға тырысатын жасырын бәсеке бар екен.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: