Бiр жiгiт әке-шешесiнiң бай болуының арқасында тұрмыстан ешбiр таршылық көрмей, өте жалқау, ысырапшыл, шаруаға қырсыз боп өсiптi. Жылдар өте келе әке-шешесi қайтыс болыпты. Жiгiтке үй мен дүкен мұраға қалыпты. Ойсыз, қамсыз жiгiттiң ойын-сауығы көп едi, оған ақша деген ешқашан бiтпестей көрiнетiн. Сөйтiп жүргенде үйi де, дүкенi де тоза бастады. Ол кезде үйiнiң жанында Хасан мырза есiмдi көршiсi болатын, ол соғыста жанып бара жатқан балалы әйелдi өрттен құтқарғаны үшiн құрмет белгiсiн алған едi. Жас жiгiттiң жеңiлтек өмiрiн көрген Хасан мырза онымен амандаспайтын болды.
- Ол жiгiттi жек көремiн, - дейдi екен ол, - елдiң бәрi жанталасып жұмыс iстеп жатқанда, селтеңдеп, ары-берi қыдырып жүретiнiне ызам келедi.
Бiр күнi осы сөздер жiгiттiң құлағына жетiп, қатты ойланып, жүрегi ауырады. Кiшкентайынан еркелетiп, жақсы көрiп жүретiн көршiсiнiң мына әрекетi - тосын жағдай едi. Ол намысқа тырысып, еңбектенуге кiрiседi. «Нашар» көршiсiнiң сәл кемшiлiктi байқап қоятын көздерiне өз тiрлiгiнен еш қателiк шалынып қалмасын деп жанын салады. Мұқият қарап, күтуiнiң арқасында бақшасы мол өнiм бередi, дүкенi де табыс әкеле бастайды. Қолына ақша тиген жiгiт баяғы әдетiн қайта тауып, достарымен күндiз-түнi ойнап-күлетiн болады.
Мұны көрген «нашар» көршi:
- Мен оның адам болмайтынын баяғыда айтпап па едiм? Атақ пен құмар ойыны ендi оның бүкiл болашағын құртады, - дейдi. Жiгiт тағы да жерге кiрiп кете жаздайды. Жiгiттiң бiр ағашы қисайса, не бiр кiрпiшi сынса, көршiсi оған кiнә жаудыра бастайтын.
Жiгiт осы бiр ашушаң, қарт көршiсiне бiрте-бiрте үйрене бастады. өзiн сынап, ұрсып-жекiргенiне ренжiмейтiн болды. Ел өзiне «сенiң «нашар» көршiң айтты» деп айтып келген сөздердi сабырмен мұқият тыңдап, соған сай әрекет ететiн болады. Күндердiң күнi «нашар» көршiсi қайтыс болғанда, ол қатты қайғырып, өзiнiң ең қымбат адамын жоғалтқанын түсiндi.