Бір сағаттық өмір

Бір сағаттық өмір

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бiр кiсiден:

- Бiр сағаттық өмiрiң қалды десе, не iстер едiң? - деп сұраған екен, ол:

- Бiр сағат бойы тек қана намаз оқыр ем. Алладан жарылқау сұрар ем, - деп жауап берiптi. Осы сұрақты екiншi кiсiге қой­ғанда, ол:

- Бар малымды кембағалдарға таратып сауап жинап қалар едiм, - дептi. Ал үшiншi адам:

- Мен алғашқы жарты сағатымды бiлiм жинауға жұмсар ем де, қалған жарты сағатымда сол бiлiмдi басқаларға үйретер едiм, -  дептi.

Осы үшеуiнiң әрекетiнiң iшiнде ең қайырлысы, Алла Тағалаға ұнамдысы - соңғы кiсiнiкi екен. Сондықтан, бiлiм үйренiп, оны елге тарату - әр мұсылманның парызы болып табылады.

Бiрақ мұндағы бiлiм деп отырғанымыз - пайдалы, пайдасыз ақпараттар жиынтығы емес, Аллаһты тану, тақуалықты арттыру жолындағы iзденiс.

Ақырет күнiнде ислами көзқарастан ада, Алланы танудан алыс жатқан «ғалым­ға» бүкiл ғұмырын сарп етiп жиған iлiмi еш пана бола алмайды.

 Пернегүл Үсенова

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: