Ол жаққа кім барып келді дейсің?

Ол жаққа кім барып келді дейсің?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ертедегі данышпандардың айтқан сөзі бар екен: “Өткеніне үңілмегеннің болшақтан алар несібесі жоқ” – деген. Көмбесі тағылымға толы, адастырмас құс жолындай із қалдырған тарих сахынасында небір де жайсаң – жақсылардың өткені мәлім. Солардың ішінде Дәуіт пайғамбардың ұлы Сүлеймен пайғамбардың орны ерекше еді. Алла тағала өзінің сүйікті құлдарының бірі Сүйлеймен пайғамбарға жан – жануарлардың тілін білетін муғжиза берді. Дана халқымыздың ғибратында: “Аңыз түбі – шын, бақсы түбі – жын” – деп келгендей қиссалардың бірде Сүлеймен пайғамбар көлдің жағасына келсе ағыл – тегіл жылап отырған көлбақаны көреді. Көлбақаның көз жасының сыры неде екенін білмек мақсатта.

- Я, көлбақа бұның не? – деп сұрағанда көлбақа:

- Мен көлдің жағасында отырып, көлге бір балықшының келгенін көрдім. Ол жерді қопарып қып – қызыл құрт тауып алды да: “Бұл құртқа түспейтін балық жоқ шығар” – деп Ұлы Алласын аузына алмай сөйледі. Осыны естіп балықтарды ескертпекке суға түстім.

-Я, балықтар сыртта бір адам жерден қызыл құрт тауып алып: “Бұл құртқа түспейтін балық жоқ шығар” – деп Алласын ұмыт қалдырды. Егер құртты көрсеңдер оның астында істік темір бар, оған іліксеңдер балықшы сендерді судан суырып алып, қуырып жейді” – деп ескерттім. Бір үлкен балық келіп : “Ей!, ол жаққа кім барып келді дейсің?” – деп бірінші болып қармақты қапты да жіберді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: