Ислам ғұламалары Қияметтің кіші белгілерін үшке бөлген:
а) болып өткен белгілер;
ә) болып өткен және қазір де болып жатқан белгілер немесе бір рет болып өтіп, сосын қайталанатын белгілер;
б) әлі күнге дейін болмаған белгілер.
Осы үшіншінің кейбірі үлкен белгілердің алдында келсе, кейбірі олармен араласып келеді.
а) Болып өткен белгілер
1-белгі: Соңғы пайғамбарлықтың басталуы
Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің ең соңғы, ақырзаман пайғамбары екенін айтқан. Одан кейін пайғамбар келмейді. Әнәс ибн Мәлик (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен және Қиямет мына екеуі сияқты болып жіберілдік», – деп сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын біріктіріп көрсеткен.
2-белгі: Айдың жарылуы
Мекке мүшріктері Пайғамбарымыздан (с.а.с.) сөздерін айғақтайтын мұғжиза көрсетуді талап еткен болатын. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алладан жалбарынып сұрағанда, ай екіге бөлінген. Ол жайлы Құранда: «Қиямет жақындады, ай жарылды», – делінген.
3-белгі: Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дүние салуы
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Ауф ибн Мәликке (Алла оған разы болсын): «Қияметтің алдында алты нәрсені сана: менің дүние салуымды, сосын Құдыстың қолға алынуын, сонан соң сендерді қойға қуғаскелгендей алатын ажалды, осыдан кейін мал-дүниенің артуын, тіпті (сонда) бір кісіге жүз динар ұсынылса да, ол (азырқанғандықтан) ашуланып қалады, сонан соң фитнаны, ол кірмеген бірде-бір араб үйі қалмайды, содан кейін сендер мен сарылар әулетініңарасында болатын бейбіт келісімді, сонда олар келісімді бұзып, сендерге әрқайсысының астында он екі мың (жауынгер) бар сексен тудың астында келеді», – деген.
4-белгі: Құдыстың қолға алынуы
Жоғарыда келген «Қияметтің алдында алты нәрсені сана» деп басталатын хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «...сосын Құдыстың қолға алынуын...», – деген.
Бұл Омар ибн әл-Хаттабтың (Аллаһ оған разы болсын) кезінде һижраның 16-жылы жүзеге асқан.
5-белгі: Амуастағы оба ауруы
Жоғарыда келген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «...сосын сендерді қойға қуғас келгендей алатын ажалды...», – деген.
Бұл жерде оба ауруының таралуы айтылған. Індет Омар ибн әл-Хаттабтың (Алла оған разы болсын) тұсында һижраның жылы Палестинадағы Амуас елді мекенінен шығып, бүкіл Шам жеріне тараған. Мұның нәтижесінде жиырма бес мың адам қырылған. Солардың ішінде белгілі сахаба Әбу Убайда ибн Жаррах (Алла оған разы болсын) та бар еді.
6-белгі: Хижаздан оттың шығуы
Сондай-ақ Қияметтің ең елеулі кіші белгілерінің бірі – Хижаз өрті. Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Хижаз жерінде өрт шыққанға дейін Қиямет келмейді. (Бұл өрт) Бусрадағы1 түйелердің мойындарын жарық етеді», – деген.
Яғни Хижазда болған өрттің жарығы Шамға дейін жетеді деген. Бұл өрт һижраның 654-жылы болған. Оның жай-жапсарын белгілі тарихшы Ибн Кәсир, ғұлама имам Шиһабуддин Әбу Һишәм әл-Мақдиси және имам ән-Науауи сияқты ғұламалар кітаптарында келтіреді.