Бір жігіт әйелі құлағын жей бергеннен кейін әкесін қапқа салып, алыс тауға апарып тастайды.
Әкесіне: “Кешір, жағдай осындай болып қалды. Сені үйдегілер жақтырмай жатыр. Ал мен балаларымды қайтіп тастаймын” - дейді.
Әкесі оның халін түсініп: “Ешнәрсе етпейді, балам, бара ғой, тек мына қапты ала кет” - деп қапты ұсынады.
Баласы: “Ой, жарықтық, мұның маған керегі не?” - дейді. Әкесі: “Е, ұлым, сен қартайып, балаларыңа керегің болмай қалғанда осы қаппен сені де осында жеткізеді” - деген екен.