Бірінші адамға: Білім артық, өйткені, ол-пайғамбарлардан қалған мирас, байлық-бақылдардан қалған мұра.
Екінші адамға: Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында амал достар көп болады.
Үшінші адамға: Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады.
Төртінші адамға: Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні түгесіледі.
Бесінші адамға: Білім артық, оны ұры-қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің.
Алтыншы адамға: Білімің көп болса ел саған қызығады, байлығың көп болса ел сені қызғанады, білімнің артық болатыны сол.
Жетінші адамға: Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек.
Сегінші адамға: Білім қанша көп болса да іріп-шіріп кетпейді, дүние-мал болса бүлінеді, сондықтан да білім артық.
Тоғызыншы адамға: Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. Байлық болса сараңдық пен қомағайлығыңды арттырады.
Оныншы адамға: Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де артады. Байлығы мол адам оған мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық деп жауап берген екен.
Мырзагелді Кемел «Абзалдық әліппесі»


18 Қараша 2025
27 Джумада-авваль 1447

