Кәпір ма, әлде мүмин ба?

Кәпір ма, әлде мүмин ба?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имам Ағзам қатысып жатқан бір жиналыста біреу: “Бір адам бар екен, жәннатты қаламайды, жәһәннамнан қорықпайды, өліктің етін жейді, рүкуғсіз, сәждесіз намаз қылады, көрмеген нәрсесіне куәлік етеді, фитнәні жақсы көреді, хақты қаламайды (тілемейді), бұл адам кәпір ма, әлде мүмин ба?” деп сұрақ қойды.

Жиналыста отырғандардың бәрі бір ауыздан: “Бұлар кәпірдің сипаттары, мұндай адам кәпірдің дәл өзі” деп айтты. Имам Ағзам үндемеді. Адамдар: “Ия Имам, сіз не дейсіз?” деп сұрады. Имам Ағзам: “Бұлар мүминнің сипаттары, мұндай адам мүминнің дәл өзі” деді. Адамдар қарсылық білдіріп: “Ия Имам, мұныңыз қалай, мүмин жәннатты қалап, жәһәннамнан қорықпайды ма?” деді.

Имам оларға барлығын да түсіндірді: “Шын саналы мүмин жәннатты қаламайды, Иесін — Алланы көруді қалайды, жәһәннамнан қорықпайды, Иесінен қорқады, өлі ет дегені балықтың еті, көрмеген нәрсесіне куәлік етеді, өйткені Алланы көрмейді, бірақ та шын сенеді, рүкуғсіз, сәждесіз қылған намазы — жаназа намазы, фитнәні жақсы көреді, өйткені ондағы мақсат мал мен бала-шаға Құранда мал мен бала-шаға мүминдер үшін фитнә (яғни, етмихан) екені туралы айтылған, хақты қаламайды (тілемейді), өйткені хақтан мақсат өлім, мүмин де болса өлімді мақсат қылмайды”.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: