Құран мұғжизалары: Перғауынның шірімеген денесі (ВИДЕО)

Құран мұғжизалары: Перғауынның шірімеген денесі (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Египеттің басқыншы және қатал билеушілері бұзылған саяси иерархияда өздерінің мәртебелерін көтеріп, халықты оларға Құдай ретінде қарауларына мәжбүрледі. Ежелгі мысырлықтар өздеріне тән консерватизм себебінен жалған нанымдарынан қайтуды қаламады. Оларға тек Аллаға құлшылық қылуға шақыратын елшілер келіп отырды. Бірақ перғауындар қауымы қайтадан бұзылған нанымдарына қайтты. Сонда Алла насихаттап үгіттеуші Мұса (а.с) пайғамбарды жіберді. Сол уақытта Исраил ұрпақтары толық құлдыққа түсіп, шынайы сенімнің орнына пұтқа табынуды таңдаған еді. Мұса (а.с) пайғамбардың міндеті Египет халқын ақиқат дінге шақырып, сонымен қатар Исраил ұрпақтарын тұтқыннан құтқару болды. 

Алайда перғауын Мұса (а.с) пайғамбардың шақыруын үзілді-кесілді қабылдамады. Ол Алланың елшілерін саяси қастандық пен мемлекеттік жүйеге қол сұғушылықта айыптады. Перғауын да, оның айналасындағылар да Мұса және Харун пайғамбарлар арқылы жолданған Құдыретті Жаратушының шақыруына құлақ аспады. Перғауынның тәкаппарлықпен дәріптеушілігі шынайы өліммен жолықпағанша жалғаса берді. Теңіз толқындары арасындағы өлімнен қашып құтылу мүмкін болмаған сәтте, ол Құдайды мойындап аман қалу үшін дұға жасайды. Құранда Алла перғауынның бойын өлім үрейі билеп, қалай иманға келгенін хабарлайды: 

«Юнус» сүресі, 90 – аят: «Исраил ұрпақтарын теңізден өткіздік. Сонда Перғауын және оның әскерлері жауыздықпен, дұшпандықпен оларды қуды. Ақыры ол суға батар сәтте: "Исраил ұрпақтары иман келтірген Тәңірден басқа тәңір жоқтығына иман келтірдім. Мен де бой ұсынушылардан болдым" деді». 

Бірақ Алла перғауынның тәубесін қабыл етпеді, және сөзсіз келер өлімнен қорқып, сол сәттегі оның иман жайлы айтқан сөздерін қабылдамады: 

«Юнус» сүресі, 91–92 аят: «Енді ғана сендің бе? Расында, сен бұрын қарсы келген бұзақылардан болған едің. Сенен кейінгілерге үлгі болуы үшін денеңді (жансыз түрде) құтқарамыз. Расында адамдардың көбі аяттарымыздан хабарсыз». 

Кейінгі ұрпақтарға ғибрат болуы үшін перғауынның денесі сақталатыны Құранда 1400 жыл бұрын хабарланған. Демек дене мыңдаған жылдар бойы шіруі мүмкін емес. Шынында да, Мұса пайғамбар мен Исраил халқын қуған Рамзес перғауынның денесі бүгінде сақтаулы және тарихи жәдігер ретінде Каир мұражайының перғауындар лақатында көрілімге қойылған. Теңіз толқындарымен жерленген перғауынның денесін толқындар жағалауға тастаған деп болжауға болады. Египеттіктермен табылды және мумияланды, сонан соң лақаттардың бірінде жерленді. 1400 жыл бұрын айтылған сөздер орындалды. 

1981-82 жылдары перғауынның мумияланған денесін зерттеу жұмысы қолға алынды. Мумияланған мүрдені зерттеушілердің жетекшісі Морис Бюкай еді. Ол – Францияның белгілі ғалымы. Таза француз текті отбасында өсті. Медицина университетін үздік бітірген дәрігер. Өз теңдестері арасында білгір хирург. Зерттеу сәтті өтіп жатады. Бірақ Морис Бюкайға ең қызықтысы – перғауынның өлім себептері болды. Көп кешікпей, зерттеудің нәтижелері белгілі болады. Қорытындылай келе, перғауын теңіз суына түсіп өлген деген тұжырымға келеді. Дәлелі – оның сыртқы тері қабатынан табылған тұздың мөлшері. Бальзамдап сақтау кейін болған. Құранда перғауын жайлы аяттың бар екеніне көзі жеткен француз ғалымы, дәрігер, хирург-зерттеуші аса таң қалып: «Мен бұл Құранға сендім! Ислам дінін қабылдаймын», – дейді. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: