Хайуанға қатігездік еткеннің жазасы

Хайуанға қатігездік еткеннің жазасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Осының алдында ғана жариялағанХайуанаттарға рақымшылық ету әңгімесіне керісінше бір әңгіме былай баяндалады. Бір әйел бір мысықты қамап, оған не тамақ, не су бермейді. Содан әлгі бейшара мысық аштық пен шөлден өліп қалады. Алла Тағала әйелге істеген ісіне лайық жаза беріп, тозақ отына салады. Өйткені ол мысықты ең болмағанда босатып жіберіп, Алла Тағаланың жер бетіндегі ризығын тауып жеуіне де мүмкіндік бермеген еді. Ол туралы Алланың елшісі (с.а.с.) бір хадисінде: “Бір мысықты қамап, оны тамақтандырмаған, ең болмаса жөніне жіберіп, оның жер бетінен қорегін тауып жеуіне мүмкіндік бермеген әйел сол ісі үшін тозақ отына кірді,” - деген.

Бұл екі әңгімеден түсінетініміз: Рахымшылық, аяушылық еткен кісіні Алла сүйеді және оның сыйы ретінде жәннатқа кіргізеді. Ал, қатыгездік пен мейірімсіздік өз иесінің тозақ отына түсуіне себеп болады. Ол жайында Пайғамбарымыз (с.а.с.): “Адамдарға мейірімділік жасамаған кісіге Алла Тагала да рахымшылық етппейді,” - дейді.

Араб тілінен аударған Қ. Садыбаев

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: