Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде оның (с.а.с.) мешітін тазалайтын бір әйел қайтыс болады. Алла елшісі (с.а.с.) оны іздегенде, адамдар оның түнде қайтыс болғанын айтады. Пайғамбарды (с.а.с.) ұйқысынан оятқылары келмей, адамдар оны түнде жерлеп қойған еді. Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларға: «Мені неге оятпадыңдар?» – дегенде, олар: «Оятқымыз келмеді», – дейді.
Пайғамбар (с.а.с.) мешітке қызмет ететін бұл әйелге құрмет ретінде оның қабіріне баруды қалап, сахабаларынан қабірін көрсетуді сұрайды. Қабіріне келіп, оған дұға қылған соң, серіктеріне: «Расында, мына қабірлер иелері үшін зұлматқа толы. Алла тағала оларды (қабірлерді) оларға (марқұмдарға) жасалған дұға үшін нұрландырады», – деп айтты.