Қалай өмір сүрсең, жан тапсыруың да солай (сондай халде) болмақ.

Қалай өмір сүрсең, жан тапсыруың да солай (сондай халде) болмақ.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Елшісі (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) хадисінің бірінде ақыл иесін былай сипаттайды:

«Адамдардың ішіндегі ең ақылдылары - өлімді жиі еске алатындары және оған дайындық жасайтындары».

Ал, сахабаларының шектен тыс күлгенін көргенінде: «Егер өлімді еске алғандарыңда, мен сендерді бұл кейіпте көрмес едім», - дейтін.

«Өлімді жиі еске алыңдар. Әр күні қабір өзіне былай шақырады екен: «Мен, құмды шөл, мәйіт пен құрт-құмырсқаның мекені болған қабірмін!» Иманды кісіні әкеп қабірге жатқызғанда, қабір оған былай дейді: «Қош келдің, сенің мұнда келгенің жақсы болды. Жердегі адамдардың ішінен сен маған бәрінен артық ұнайтын едің. Енді, мұнда келгеніңде, мен сенің қалай жақсы қарсы алатынымды көресің»

Мүджахидтен (Алла оны рақым етсін) жеткен хабарда:«Адам (оған Алланың сәлемі болсын) Жәннаттан жерге жіберілгенде Алла оған былай деді: «Ей, Адам, сен қандай ғимарат салсаң да, ол күйрейді, (ал ұрпағыңның түбіне) тәкаппарлық пен азғыру жетеді».

Дініміз Ислам біздерді өлім жайлы, соңғы қоныстар тұрағымыз – қабір жайлы көбірек ой жүгіртуге үйретеді. Өлімнің жеңіл болуы пенденің өзіне байланысты, яғни, ажал келместен бұрын адам мейлінше өзін түзеуі, жақсаруы тиіс. Қоғамда сан түрлі психологтар бар, мақсаты - адамдарды өмірге үйрету, олар өз сөздерінде өлімді бәрін өзгертуші мотиватор ретінде қолданады. Бірақ, олардың өлім туралы ойы - осы дүниеде көп нәрсеге қол жеткізіп қалумен ғана шектеледі, ал, біз, өлімді ойлар болсақ, ақыреттегі жағдайымыздың қамын ойлап еске аламыз.

Ардақты Елшіміз (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан: «Сендер қалай өмір сүрген болсаңдар, солай (сондай халде)жан тапсырасыңдар және қалай өлген болсаңдар, Қиямет күні дәл солай тірілесіңдер».

Сіздерге өмірде сабақ болар мына бір оқиғаны айтып бермекшіміз, оқиға бір әйел мен оның күйеуі жайлы. Бірде бір әйел былай деп жазды:

«Менің күйеуімнің қандай өліммен (жақсы әлде жаман) өлгенін айтып бере аласыз ба?».

Әлгі әйел болған оқиғаны өзі баяндап берді. Бір күні ол күйеуі екеуі бірге футбол жарысын тамашалап отырады. Өйткені, күйеуі футбол ойынын қатты ұнатады екен әрі футболшы Алан Ширердің* жанкүйері екен. Әлгі ойыншыны ұнататыны соншалық, киімінде оның қолтаңбасы болатын, ал, жатын бөлмесі тола сол ойыншының суреттері еді және сыртында Алан бейнеленген ашық хаттары да өте көп болатын. Әрі қарай әйелінің айтқаны: «Футбол көріп отырғанымызда, күйеуім арқасы ауырып, аяғы әлсірей бастағанын айтты. Мен қорқып, дереу жедел жәрдем шақырртым, олар шамамен 20 минуттан соң келді. Санитарлар куйеуімді ауруларды таситын төсекке салып, ауруханаға апарайын деп жиналғанда, ол менің қолымнан ұстап: «Балаларға бас-көз бол»,-деді. Мен оған бәрі жақсы болатынын, қазір оны ауруханаға апаратынын айтып әлекпін. Көлікке жеткізгенше ол мұнда енді қайта оралмайтынын сезгендей үйімізге қимай қарады. Жедел жәрдем күйеуімді ауруханаға жеткізіп, тексергеннен кейін, бізге оның рак ауруынан өлім алдында тұрғанын – ісік миына дейін жеткенін айтты...

Одан әрі әйелдің айтуынша, дәрігерлер күйеуін медициналық аппаратқа қосып, оның өмір сүруіне аз ғана күн немесе аз ғана сағаттардың қалғанын айтады. Сонда әйелі күйеуінің жанында болып, оның қолынан ұстап, «Ләә иләһә иллаЛлаһ» деп айтқызуға тырысады. Ал, күйеуі терезе жаққа қарап жатып, бір кезде өзінен-өзі күле бастайды. Қатты күлгені соншалық, дәрігерлер мен медбикелердің өзі бөлмеден қашып шығады. Дәрігерлер бөлмеге қайта кірген кезде, күйеуі денесін төсектен көтеріп: « Мен – Алан Ширермін! Мен – Алан Ширермін!», - деп айқайлап жібереді. Осылайша, өліп кетеді».

Пайғамбарымыз (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын ) хадисінде: «Сендер қалай өмір сүрген болсаңдар, солай (сол халде) өлесіңдер. Егер Аллаға бойсұнбай, күнәға толы ғұмыр кешсеңдер, қандай хәлде өлген болсаңдар, Қияметте дәл солай тірілесіңдер».

Алла Тағала баршамызды мұндай өлімнен сақтасын!

*А́лан Ши́рер (англ. AlanShearer;13 тамыз, 1970 жылы Ньюкасл-апон-Тайн, Англияда туылған) — атақты ағылшын футболшысы, бұрынырақ Англия құрамасы мен «Ньюкасл Юнайтед» командаларының шабуылдағы ойыншысы, капитаны. (Аудармашының ескертпесі)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: