Ашура күні қанша күн ораза ұстаймыз?

Ашура күні қанша күн ораза ұстаймыз?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ашура – қамари айлардың біріншісі болып саналатын Мұхаррам айының 10-шы күнінің атауы. Алайда тек ашура күні ораза ұстау ғұламалар тарапынан құпталмайды, ашура күнімен қоса оның алдындағы бір күнді немесе кейінгі бір күнді қосып ораза тұту керек делінген. Өйткені, ашура күні тек яһудилер ораза ұстаған, ал мұсылмандар оларға ұқсамау керек. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл әдетін рамазан оразасы парыз болғанға дейін жалғастырды. Ашура күніндегі оразаға қатысты Ибн Аббас былай дейді:

قَدِمَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَ سَلَّمَ الْمَدِينَةَ فَرَأَى الْيَهُودَ تَصُومُ يَوْمَ عَاشُورَاءَ، فَقَالَ: مَا هَذَا؟ قَالُوا: هَذَا يَوْمٌ صَالِحٌ، نَجَّى اللَّهَ فِيهِ مُوسَى وَ بَنِي إِسْرَائِيلَ مِنْ عَدُوِهِمْ، فَصَامَهُ، فَقَالَ: أَنَا أَحَقُّ بِمُوسَى مِنْكُمْ فَصَامَهُ وَ أَمَرَ بِصِيَامِهِ

«Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға қоныс аударған кезде, яһудилердің ашура күнінде ораза ұстағанын көрді. Ол «Бұл қандай ораза?» – деп сұрады. Сонда оған: «Бұл – ерекше күн. Аллаһ тағала осы күні Мұса пайғамбар (а.с.) мен Исрайыл ұрпақтарын дұшпандарынан құтқарды. Сондықтан Мұса (а.с.) осы күні ораза ұстайтын», – деп жауап берілді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Мен Мұсаға сендерге қарағанда жақынмын», – деді де, осы күні ораза ұстауды бұйырды» (Бұхари, Саум, 69).

Кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.): إِنَّ عَاشُورَاءَ يَوْمٌ مِنْ أَيَّامِ اللَّهِ، فَمَنْ شَاءَ صَامَهُ، وَ مَنْ شَاءَ تَرَكَهُ «Ашура – Аллаһтың күндерінің бірі. Қалаған адам ораза ұстасын, қаламаса, ұстамаса да болады» деп ашура күні ораза ұстауды әркімнің өз еркіне қалдырды (Мүслим, Сиям, 116).

Биыл Ашура күні қарашаның 24-і күніне сәйкес келіп отыр. Сондықтан да ораза қарашаның 23-24-і не 24-25-і күндері ұсталады.

Ислам ғылымхалы
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: