Періштелердің жаратылу мақсаты

Періштелердің жаратылу мақсаты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла тағаланың қай ісінен де асқан даналық пен шексіз шеберлікті байқайсыз. Оның жасағанынан ешқандай кемістік, үйлесімсіздік, оғаштық пен ақау көру мүмкін емес. Ол – бүкіл кемшілік атаулыдан пәк. Ол «бол» деу арқылы әп сәтте қалаған нәрселерін жарату құдіретіне ие. Алла тағаланың жаратқан нәрселерін сынауға ешкімнің құқы жоқ. Сол сияқты періштелердің жаратылуында көптеген себептер бар. Біз ол себептердің кейбірінен хабардар болғанымызбен көпшілігін біле бермейміз. Құран кәрімде періштелердің жаратылу мақсаты туралы: «Раббың періштелерге: Мен жер бетінде бір орынбасар жаратамын» деген кезде «онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтауда және пәктеудеміз» дейді...»,9 – деп, періштелердің үнемі Алланы дәріптеп, пәктейтіндіктері айтылған. Ұлы Жаратушының шексіз ілімінің қасында адам баласының білгені түкке тұрғысыз екені даусыз. Осы орайда Қызыр (әлейһис-сәлам) бірде Мұса пайғамбарға: «Уа, Мұса! Біздің білгеніміз бен Ұлы Жаратушының ілімі – анау құстың тұмсығындағы су мен мұхит сияқты»,10 – деп теңіз жағалауында тұмсығын суға батырып тұрған құсты көрсеткені бар.

Дей тұрғанмен, періштелердің жаратылу мақсұтын ислам ғалымдары төмендегіше беске бөліп қарайды:

1. Алланың құдіреттілігін көрсетуі үшін.

Алла тағала жақсылықты (яғни періште сияқтыларды) жаратқандай, жамандықты да (шайтан сияқтыларды) жарата алады. Сонымен қатар жақсылық пен жамандықты жасауға бейім (адам сияқты) болмысты да жаратуға құдіретті.

2. Адам баласы Алла5а ғана бағыну керектігін білуі үшін.

3. Пенделердің құлшылығына Жаратушының мұқтаж емес екенін білдіру үшін.

4. Жер бетіндегі сүйікті құлдар мен өзге болмыстарды қорғау үшін.

5. Адамдарға Алла тағаланың құдіреті мен ұлылығын білдіру үшін.

Періштелердің жаратылысы, санының өте көптігі мен қызметтерінің әрқилылығы шындап келгенде Ұлы Жаратушының аса құдіреттілігін паш етеді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: