Пайғамбардың (с.ғ.с) көркем мінезі және мәмілесінің бірнешесі

Пайғамбардың (с.ғ.с) көркем мінезі және мәмілесінің бірнешесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мүбәрәк жүзі, жүздердің ең келбеттісі және ең тазасы еді. Еврей ғалымы Абдуллаһ Ибн Сәләм хижрет кезінде қызығушылықпен Алланың Елшісін көруді қалайды. Мүбәрәк жүзін көргенде:

«Бұл бет өтірік айтпайды!»-деп, мұсылман болады.

Әбу Рәмсенің ұлы да былай айтқан:

«Хазіреті Пайғамбар маған көрсетілді. Мен Ол нұрлы мүбәрәкті көргенде: «Бұл ұлы кісі, Алланың Нәбиі және Хақ Пайғамбары», - дедім».

Өйткені Ондағы келбеттілік, айбын, нұр және әсемдіктің керемет дәрежеде болғаны сондай Алла екендігіне тиісті басқа бір мұғжизаның, дәлелдің және құжаттың қажеті болмаған.

Алланың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір нәрсені ұнатпаса ол дереу өңінен білінетін еді. Ал бір нәрсені ұнатса ол да білінетін.

Тұңғыш жаратылған нұр, Оның нұры. Таза денесінде тыңдық және күшті ар мен табандылық бәрі бір жерде болатын. Беті ашылмаған қыздан да әдепті еді.

Көңіл дүниесінің тереңдігін тілмен айтып жеткізу мүмкін емес.

Жүзі аппақ нұрдай, әңгімесі тоқталмай аға беретін, әрекеттері әсем, тілінде қызылтілділік, сөздерінде шешендік, баяндауында төтенше бір көркемділік бар еді.

Артық сөз айтпайтын. Әр сөйлеуі даналық сөздері мен үгіт еді. Аузына ешқашан өсек не пайдасыз әңгіме алмаған. Әркіммен ақылы және түйсігіне қарай сөйлесетін.

Сыпайы және кішіпейіл еді. Тарқылдап күлмейтін, әрқашан жайдары болып жүретін. Оны кенеттен көріп қалған адам «көңіл қорқынышынан» қалтырап қалар еді. Онымен сұхбаттасып дос болған адам Оған шын жүректен ғашық болып, сүйер еді.

Зиялы адамдарға да түсініктеріне қарап құрмет көрсететін. Әhли Бәйтіне (Пайғамбардың жанұясы) және сахабаларға жақсы мәміле көрсететіндей басқа адамдармен де нәзіктікпен және ілтипатпен қарым-қатынас жасайтын.

Қызметкерлерінің көңілін көтеріңкі қылып ұстайтын. Оларға өзінің кигенін кигізіп, жегенін жегізетін. Жомарт, жарылқаушы, мейірімді, қайырымды еді. Кезі келгенде батыл кезі келгенде жұмсақ мінезді болатын.

Берген уәдесіне берік және сөзінде шыншыл еді. Мінез- құлық, ақыл және парасат жағынан барлық адамзаттан үстем әрі барлық мақтауға лайық еді.

Қысқаша айтсақ суреті әдемі, сиреті (жаратылысы) кәміл, теңдесі жоқ адам еді.

Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қажет болған кезде ғана сөйлейтін, көбінесе тыныш, әрдайым мұңды, үздіксіз терең ойлармен жүретін. Бір сөзді бастағанда, толығымен, бірталай мағынаны бірнеше сөзге жинап айтатын еді. Сөздері керегінен көп те, аз да емес, анық еді. Мінез-құлқы өте жұмсақ болуымен қатар, өте берік және айбатты еді.

Ашуланғанда орнынан түрегелмейтін. Хаққа қарсы келу хақтың басылуынан басқа нәрселерге ашуланбайтын еді. Ешкім сезбейтіндей бір хақ басылғанда да ашуланып, хақты орнына келтіргенше ашуы басылмайтын. Тек қана хақты орнына келтіргеннен кейін ашуы тарқап, тынышталатын еді. Өзі үшін мүлдем ашуланған емес. Өзін қорғау үшін ешкіммен таласпайтын.

Ол ешкімнің үйіне иесі рұқсат бермейінше кірмейтін. Өзі үйіне келгенде үйде өткізетін уақытын Аллаға ғибадат етуге, жанұясына көңіл бөлуге және өзіне деп үшке айыратын еді. Өзі үшін деген уақытты да қарапайым, үстем адамдардың бәріне арнап, олардың ешқайсысын мақрұм қалдырмайтын. Барлығының көңілін көтеріп, өзіне баурап алатын.

Алланың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әрбір әрекетін және қимылын зікір ете жүріп істеген. Белгілі бір жерде отырудың әдет болып қалыптасып қалуын болдырмау үшін әр келгенінде мешіттің әрбір жерінде отыратын. «Жерлер» және орындар (қызмет орындары) қасиетті деген көзқарас қалыптастыратын және мәжілістерде тәкәппарлыққа жол ашатын іс- әрекеттердің алдын алу үшін:

«Бір орынның абыройы, сол жердің өзінде емес, онда отырғанның абыройымен пайда болады» - деп айтқан. Мәжіліске кіргенде бос болған жерге отырып, әркімнің де осылай істеуін қалайтын.

Кім де кім Одан бір қажетін көру үшін бір нәрсе сұраса, сұраған нәрсесі маңызды не маңызсыз болса да оны бермей тыныштық таба алмайтын еді. Сұрағанын беру мүмкін болмаса, мұқтаж адамның көңілін жылы сөзбен көтеретін еді. Ол әркімнің қайғы-қамына ортақтасатын. Адамдар қандай дәреже және мәртебеде болса да, бай мен кедей, ғалым мен надан Оның қасында тек қана адам болғандықтан бірдей мәміле көретін еді. Бүкіл мәжілістері сыпайылық, ілім, ар-ұят, сабыр, тәуекелдік және аманат сияқты ерекшеліктер үстем болған жерлер еді.

Айыбы мен кемшіліктері үшін ешкімді кекетпейтін. Ескерту керек болған кездің өзінде де алдындағы кісіні ренжітпейтіндей нәзік ишаратпен орындайтын. Ешкімнің білінбеген айыбы және кемшіліктерінің артында жүріп бақыламайтын және осындай жағдай- лардың тексеріл-уіне де тиым салған. Негізінде, басқалар туралы жаман ой және тексеру Құдайы әмірлермен тиылған.

Істелгенде сауап болатын іс-әрекеттерден басқа мәселелер туралы сөйлемейтін. Сұхбат мәжілістері рухани рахат ішінде өтетін. Ол сөйлеп жатқанда төңірегіндегілер арбалғандай жан-тәнімен тыңдайтын еді. Хазіреті Омардың (Радиаллаһу анһу) айтуы бойынша сондай кезде бастарына бір құс қонса, сағаттар бойы ұшпай отырар еді.

Одан сахабасына дарыған әдеп және ардың күшті бір дәрежеде екені сондай көбінесе оған сұрақ қоюға батылдары жетпей, шөлден бір бәдеуй (ауылда өмір сүретін Араб) келіп Пайғамбарға сұрақ қойса, сұхбатқа дәнекер болса екен деп, Оның нұры мен рухани байлығынан пайдалансақ деп тілейтін.

Осман Нұри Топбаш

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: