Сахаба аналарымыздың бірі Ләйла (р.а.) күндердің күнінде дәм-тұз тартып Мәдинаға хижрет етеді. Қасында ұлы Абдуллаһ бар болатын. Пайғамбарымыздың үйінде отырған кезінде сыртта ойнап жүрген ұлын шақырып:
− Балам, келе қойшы, саған бір нәрсе берейін? – дейді.
Пайғамбарымыз дереу одан:
− Ұлыңызға не бермексіз? – деп сұрады.
− Құрма берейін деп едім, – деп жауап қатты әйел.
Сонда Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
− Егер балаға «бір нәрсе берем» деп шақырып, еш нәрсе бермесеңіз, амал дәптеріңізге «өтірік айтты» деп жазылар еді, – деп ескертті.