Үлкен от майда шырпылардан шығады (Әңгіме)

Үлкен от майда шырпылардан шығады (Әңгіме)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір күні хазірет Омар (р.а.) ойнап жүрген балаларды көреді. Алайда бір баланың ойынға қатыспай, шетте тұрғанын байқайды. Қасына барып: 

– Балақай, сен неге ойнамайсың? – деп сұрайды. Бала болса:

– Уа, мұсылмандардың әміршісі! Алла тағала «Адамдар мен жындарды тек қана мені танып, маған құлшылық етсін деп жараттым» дейді. Біз ойнау үшін жаратылған жоқпыз ғой?! – деп ересектерше жауап қайырады.

Хазірет Омар (р.а.) балаға: «Жасың әлі кіші емес пе?», – дегенде, ол:

– Уа, мұсылмандардың әміршісі! Мен үйде анамның от жаққанда әуелі кішкентай шырпыларды тұтататынын байқадым, – деп жауап береді.

Хазірет Омардың көңілін толқытып, көзіне жас алдырған бұл бала − ғалым сахаба Абдуллаһ ибн Зүбәйрдің (р.а.) ұлы болатын.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: