Атақты ғалым Әбу Бәкір Баррак Құран Кәрім үйрену үшін, баласын медресеге жіберетін. Бір күні баласы медреседен қорқыныштан сұп-сұр болып оралады. Мұны көрген хазіреті Әбу Бәкір Баррак:
– Балам, не болды саған, түрің өзгеріп кетіпті ғой?!, - деп сұрады. Баласы:
– Әкетайым бүгін медреседе Құран Кәрімдегі: «Егер қарсыласа берсеңдер, жас балалардың шашын ағартатын күннен қалай сақтанасыңдар?» (Мүзэммш, 17) аятын оқыдық. Мұны ойлаған сайын төбе шашым тік тұрады, - деп жауап қайтарды.
Сол күннен бастап баласы төсек тартып жатып қалады. Сөйтіп арадан көп уакыт өтпей, баласы дүние салады. Хазіреті Әбу Бәкір Баррак баласының қабірін жиі зиярат етіп, қабірді құшақтап тұрып:
Мен сонша уақыттан бері Құран Кәрім оқып келе жатырмын. Бірақ о дүниедегі қорқынышты жағдайды балам сияқты ойланып, әсерленген емеспін. Ертең (қияметте) жағдайым қандай болмақ!? Нендей өкініш! - деп қайғырған екен.