Қайырлы ұрпақ қайтсе туады?

Қайырлы ұрпақ қайтсе туады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сәбиттің жігіт кезі еді. Бірде ол арықта ағып келе жатқан қып-қызыл алманы көреді. Іле қолына алып қызықтап тұрып, шыдамай бір тістейді. Артынша: «Бұл ісім дұрыс болды ма өзі? Мүмкін бұл алманың иесі бар шығар? Байқамай біреудің ақысын жеп қоймадым ба?» – деп күдіктеніп, өзен бойымен жоғары қарай өрлеп, алманың иесін іздеуге шығады.Әлден уақытта алдынан бір бау кезігеді. «Жеген алмам осы баудан шығар» деп ойлаған Сәбит баудың иесіне барып жолығып, мүмкін болса, кешіруін өтінеді. Бағбан үш жыл өзіне қызмет етсе ғана кешіретіндігін айтады. Амал жоқ келіседі.

Жігіт үш жыл өткен соң, кетуге рұқсат сұрайды. Бағбан оған: «Тағы бір шартымды орында, менің бір қызым бар. Көзі көрмейді, құлағы естімейді, қол-аяғы сал, өзі мылқау. Соған үйленесің», – дейді. Жігіт тағы да келісімін береді. Бірақ жігіт қызды көргенде таңғалады. Өйткені, қыздың еш кемістігі жоқ сап-сау әрі сұлу еді. Бағбаннан мұның мәнісін сұрайды. Сонда бағбан: «Қызым ұят нәрселерге қарамайтын, сол үшін оны «соқыр» дедім; ал «керең» деуімнің мәні – қызым балағат сөздерді естіген емес. Харам нәрсеге қол созған емес, харам жерге аяқ басқан емес, сол себепті оның «қол-аяғы сал» дедім. Аузынан ғайбат сөз шықпағандықтан оны «мылқау» дедім. Қызымды сен сияқты кісі ақысын жемейтін, тақуа, иман жүзді жігітке берсем деген арманым бар еді. Бір көргенде-ақ сенің адал екеніңді байқадым. Сонда да сынап көргім келді. Бұдан былай ерлі-зайыпты болып, бірге тату-тәтті өмір сүріп, бақытты болыңдар!», – деп ақ батасын береді.

Міне, осындай пәк, тақуа, текті отбасында әлемге әйгілі ғалым имам ағзам Әбу Ханифа дүниеге келген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: