Алла тағалаға осы күндерге жеткенімізге шүкіршілік айтайық. Ғасырлардан жалғасын тауып, күллі мұсылманға ортақ қуаныш пен сыйластықты беріп келе жатқан құрбан айт мерекесі баршамызға жақсылық әкелсін.
Ибраһим пайғамбар заманынан келе жатқан қажылық амалдарын күллі әлем мұсылмандары тағатсыздана күтіп, ата-бабасының аяғы баспаған қасиетті Мекке мен Мединаға барып, қажылық парызын орындайды. Құрбан айт қажылықпен тікелей байланысты. Қажылыққа баруға шамасы келмеген мұсылмандар өз елінде құрбандық малын шалып, Аллаға жақындап, сауап алады.
Құрбан (араб тілінде) – « жақындау» деген мағынаны білдіреді. Алланың разылығына жақындау ниетімен құрбан айт күндері шалынатын арнайы малдың аты.
Құрбан шалу Ибраһим пайғамбардан келе жатқан үрдіс. Зулхижжа айының 8-ші күні таруия күні деп аталады. Арабтарда түнде көретін түсті тәруия деп атайды. Яғни, арапаның алдындағы күн таруия күні, Ибрхим пайғамбар зулхижжа айының 8-ші түні түсінде баласын сойғалы жатқанын көреді. Ояна кетсе түсі екен. Осы түсім Алладан ба әлде шайтаннан ба деп ойланады. Екінші түнінде сол түсін тағыда көріп өзіне «Бұйырылған нәрсені орында» деп бұйрық келгенде бұл Алладан келген бұйрық екенін анық көзі жетеді. Сондықтан осы күн «білу» арапа мағынасында келген. Арапа күні зүлхижжа айының 9-шы күні. Басқа күндерді арапа деп атамайды. Құрбан айт мерекесі зүлхижжа айының 10-шы күні басталады.
Пайғамбарымыздың хадисінде « Адам баласы құрбан айт күндері «құрбан шалып» қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Аллаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Алланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар».
Алла тағала біздің шалған құрбандығымыздың етіне де қанына да мұқтаж емес. Керісінше оның әмірін орындап, разылығына жетуіміз ғана керек. Бұл шындықты Құран былай деп баяндайды. «Олардың «құрбан малдарының» еттері де, қандары да Алла тағалаға жетпейді. Бірақ Оған сендердің тақуалықтарың ғана жетеді» деген.
Құрбан шалу үшін төмендегі шарттар орындалу керек.
- Мұсылман болу
- Құрбан айт уақтында жолаушы болмау
- Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшерідегі қардыға ие болу. Нисап мөллшері-85 гр алтын немесе құнына тең келетін ақша.
Құрбан шалатын уақыты құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Бәра ибну Аазибтің риуаяты бойынша: «Алланың елшісі (с.ғ.с.) біздің бұл күнде алғашқы жасайтын ісіміз – намаз оқу, сосын қайтып келіп құрбандығымызды шалу. Кім осылай істесе, біздің сүннетімізге ергені. Ал кімде-кім бұдан бұрын құрбандығын шалатын болса, бұл құрбанның отбасына берілген еттен айырмашылығы жоқ. Бұның құрбан болуы мүмкін емес,» - деп, намаздан бұрын шалынған құрбанның құрбандыққа жарамайтынын айтқан. Шек шалу шариғатымызда айтылмаған.
Құрбандыққа шалуға болатын малдар тек қана қой, ешкі, сиыр және түйе малдары. Құрбан ретінде шалынатын қой мен ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек. Алты жеті айлық кепе қозы үлкен бір қой сияқты семіз, етті болса құрбандық шалуға болады. Елік, арқар сияқты аңдар мен тауық, қораз, қаз, үйрек сияқты құстар құрбан ретінде сойылмайды.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Соқырлығы анық белгілі соқыр, ауруы белгілі аурушаң, (жүре алмайтындай дәрежеде) ақсақтығы белгілі болған ақсақ және жілігі көрінетіндей өте арық малдар құрбандыққа жарамайды» - деген. Ханафи мазхабының ғалымдары басқа кемшіліктерді де қосқан:
- Бір көзі соқыр
- Сойылатын жереге жете алмайтындай әлсіз
- Құлағы немесе құйрығы тумадан жоқ немесе басым бөлігі кесілген
- Тістерінің көбі түсіп қалған
- Емшектерінің басы жұлынып қалған
- Бір мүйізі немесе екеуі де түбінен түсіп қалған.
Құрбан малын мүмкіншілігі болса мойнына уәжіп болған адамның өзі шалғаны абзал және сауабы да мол. Бірақ басқа біреуге өкілдік беруіне де болады. Басқа бір адамды телефон арқылы немесе хат сияқты жолдармен құрбандық шалуға тағайындай алады. Хз Әли (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) орнына өкіл ретінде құрбан шалғаны жөнінде риуаят бар.
Құрбан ретінде шалынатын мал құблаға қаратып жақызылып «Аллаһу акбар, Аллаһу акбар лә иләха иллаллаһу уал лаһу әкбар, Аллаһу акбар уалилләһил хамду» - деп, тәкбір айтып, «Бисмилләһи Аллаһу Акбар» деп бауыздалады. Құрбанның иесі ғана «Бисмилләһи Аллаһу Акбар» деуі жеткіліксіз. Құрбанды бауыздаған адамда «Бисмилләһи Аллаһу Акбар» деп айтуы керек. Әдейі ұмытпастан «Бисмилләһи Аллаһу Акбар» айтпаса, құрбанның етін жеуге болмайды. Құрбан иесі құрбандық малын бауыздайтын қассаптың қолының үстіне қолын қойып, бірге бауыздаса, екеуінің де «Бисмилләһи Аллаһу Акбар» деп айтулары керек. Сойылатын мал құрбан ниетімен бауыздалуы керек. Малдың жаны шыққаннан кейін барып терісі сыпрылады. Жаны шықпай жатып басын кесіп алып тастау немесе терісін сыпыру макрух.
Бай болсын, кедей болсын құрбандық малының етінен өзі жеуіне болады. Құрбандық малдың етін үшке бөліп тарату-мұстахаб. Бір бөлігі-туған-туыс, көршілеріне бай болса да сыйға тартылады. екінші бөлігі-кедей және мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігін-өзінің отбасына, бала-шағасына беріледі. Алла тағала Құран Кәрімде: «Құрбанның етінен өздерің жеңдер әрі міскінде мен кедейлерге жегізіңдер» - деген.
Дүниеден өткен кісі өзінің атынан құрбан шалуды тапсырып кетпеседе, сауабын өліге бағыштау ниетімен құрбан айт күндерінде құрбан шалуға болады. Шалған құрбанның етінен жеуге рұқсат. Бірақ өлінің тапсырып кеткен өсиетін орындау ниетіме шалған құрбанның етінен жеуге болмайды. Етін толық садақа ретінде тарату керек.
Құрбан айт намазына келе жатқан мұсылман үйінен шыққанда ораза ниетінде ауыз бекітіп шығады да, айт намазынан кейін ауызын ашады, ал ораза айт намазына келе жатқан кісі отыз күн ауыз бекіткеннен кейін айт намазына келе жатқанда тақ құрманы жеп келуі мұстахаб.
Құрбан айт намазы күн бір найза бойы көтерілгеннен басталады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ораза айт намазын күн екі найза бойы көтерілгенге дейінкешіктіріп оқыңдар, пітір садақа бермеген жандар пітірін беріп үлгерсін. Құрбан айт намазын күннің бір найза көтерілгеннен кейін оқыңдар. Үйлеріңдегі құрбандық малы сендірді күтіп қалмасын»-деген.
ҚМДБ-ның шешімімен биылғы құрбан айт меркесі тамыздың 12-де болады. Айт намазы Тараз қаласы бойынша сағат 7:30 да басталады.
Алла баршамыздың шалған құрбандық малымызды риясыз қабыл етсін. Еліміз тыныш, ауызбірлікте болсын. Айт құтты болсы ағайын!
Ғалымбек ЖАПЕК,
«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы.