Мешітке келгендер мен намазға келгендер

Мешітке келгендер мен намазға келгендер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Харун ар-Рашид заманында Бәһлул деген данагөй адам өмір сүрген. Сол Бәһлул ақсақалға Рамазан айы кезінде халифа Харун ар-Рашид:

– Ақшам намазында мешітке барыңыз. Намазға келген барлық адамды менің сарайыма ауызашарға ертіп келіңіз, - деп мешітке жұмсап жіберіпті.

Намаз біткен соң Бәһлул халифаның сарайына оншақты ғана адамды ертіп келеді. Харун ар-Рашид қарияның бұл қылығына таң-тамаша қалып:

– Иә, Бәһлул, бұларыңыз кім? Мен намазға келген  барлық адамды  ауызашарға шақыр деген жоқ па едім», – деп кейістік білдіреді. Сонда данышпан:

- Тақсыр, сіз маған  мешітке  келгендерді емес, намазға келгендерді шақыр дедіңіз. Мен намаздан соң мешіт есігінің алдында тұрып, әрбір адамнан  имам «Фатихадан» соң қандай сүрені оқығандығын сұрадым. Оны тек осы кісілер ғана білді. Мешітке келгендер көп екен, бірақ намазға келгендер аз болды, – депті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: