Ей, менің достарым һәм бауырларым, әһлі сүннет уәл-жамағаттың 12 ерекшелікке ие екенін біліңіздер. Кімде-кім осы ерекшеліктерді бойына сіңірсе, бидғатшы, нәпсіқұмар болмайды. Сендер мырзамыз Мұхамметтің (с.ғ.с.) шапағатына жетулерің үшін осы ерекшеліктерді ұстануларың міндет.
Біріншісі: Иман – тілмен айту, жүрекпен растау. Тек қана тілмен айту иман болмайды. Тек тілмен айту иман болып есептелгенде, мұнафықтардың барлығы мүмін болар еді. Сондай-ақ, жалғыз ғана «тану, білу» де иман болып есептелмейді. Егер «тану, білу» иман болып есептелсе, Кітап иелерінің барлығы мүмін болар еді. Алла тағала мұнафықтар жайында былай дейді: «Алла мұнафықтардың өтірікші екендіктеріне куә» («Мунафиқун», 1). Ал Кітап иелері хақында былай дейді: «Біз кітап берген адамдар, оны (пайғамбарды) өз балаларын танығандай таниды» («Бақара», 146)
Иман артпайды және кемімейді. Иманның кемуін тек күпірліктің артуымен ғана елестетуге болады, ал иманның артуын тек күпірдің кемуімен ғана елестете аламыз. Бір адамның бір мезгілде әрі мүмін, әрі кәпір болуы қалайша мүмкін болмақ?
Мүмін шынында мүмін, кәпір де шындығында кәпір болады. Күпірде күдік болмағаны сияқты, иманда да күдік болмайды. Себебі, Алла тағала былай дейді: «Олар шындығында мүмін» («Әлфал», 4), «Олар шындығында кәпір» («Ниса», 151). Мұхаммет (с.ғ.с.) үмметінің ішіндегі күнәһарлары мүмін болып табылады, кәпір емес.
Амал иманнан бөлек, иман да амалдан бөлек. Бұған кей кездері мүміннің мойнынан амал жасау міндетінің түсуі дәлел болмақ. Бұл жағдайда мүміннің мойнынан иман түсті дей алмаймыз. Мәселен, хайыз әйелдің мойнынан Алла тағала намазды түсірді. Алайда, Алла тағала оның мойнынан иманды түсіріп, иманды тәрік етуге бұйырды дей алмаймыз. Алла оған оразаны тоқтат, сосын оның қазасын өте дейді. Алла тағаланың оған иманды тоқтат, сосын оның қазасын өте деуі мүмкін емес. Пақыр-кедейге зекет беру міндет емес деп айтуға болады. Алайда, пақыр-кедейге иман міндет емес деуге болмайды.
Жақсылық пен жамандық Алла тарапынан. Кімде-кім жақсылық пен жамандықты Алла тағаладан басқа біреу белгілейді десе, Алла тағаланы жоққа шығарған кәпірге айналып, таухиді бұзылады.
Екіншісі: Біз амалдардың үш түрлі болатынына сенеміз: парыз, қосымша және күнә амалдар. Парыз амалдар Алланың әмірімен, қалауымен, жақсы көруімен, разылығымен, қазасымен, тағдырымен, жаратуымен, үкімімен, ілімімен, тауфиқ беруімен, ләухул махфузға жазуымен іске асады.
Қосымша амалдар Алланың әмірі емес, бірақ қалауымен, жақсы көруімен, разылығымен, қазасымен, тағдырымен, үкімімен, ілімімен, тауфиқ беруімен, жаратуымен, ләухул махфузға жазуымен іске асады.
Ал күнә амалдар Алланың әмірі емес, бірақ қалауымен болады, жақсы көруімен емес, қазасымен болады, разылығымен емес, тағдырымен болады, тауфиқ беруімен емес, оны тәрік етуімен, ілімімен, ләухул махфузға жазуымен іске асады.
Үшіншісі: Біз Алла тағала мұқтажсыз түрде, мекен тұтпай аршыға истиуа етті деп сененміз. Әрі ол аршының қорғаушысы, аршыдан бөлек, оған мұқтаж емес. Егер ол мұқтаж болғанда, құдды басқа жаратылғандар сияқты әлемді жоқтан бар етуге және оны жүргізіп отыруға шамасы жетпейтін еді. Сондай-ақ, ол аршыға отыруға, орналасуға мұқтаж болғанда, аршыны жаратпай тұрып Алла қайда еді? Алла тағала мұндай кемшілік атаулыдан пәк.
Төртіншісі: Біз Құранның Алланың жаратылмаған сөзі, оның уахиы және түсірген Кітабы екініне сенеміз. Алланың сөзі Алла тағаланың өзі де емес, одан бөлек те емес. Керісінше ол Алланың нақты сипаты. Құран Кәрім қағазға жазылып, тілмен оқылып, көкіректерде сақтаулы. Сия, қағаз, жазу, бәрі-бәрі жаратылған. Себебі, бұлардың барлығы адамның ісі. Ал Алла тағаланың сөзі жаратылмаған. Жазу, әріптер, сөздер, аяттар пенденің қажет етуіне байланысты Құранды оған көрсететін құралдар болып табылады. Алланың сөзі – оның затында. Мағынасы жоғарыдағы нәрселермен ұғынылады. Кімде-кім Алла тағаланың сөзі жаратылған десе, Ұлы Аллаға күпірлік келтірген (кәпір) болады. Алла тағала байырғы болмысынан айнымайтын құлшылық етілетін зат. Оның сөзі Өзінен ажырамаған халде оқылып, жазылған және сақталған.
Бесіншісі: Біз пайғамбарымыз Мұхамметтен кейінгі бұл үмметтің ең абзал адамы деп Әбу Бәкір Сыддық, сосын Омар, сосын Осман, сосын Әли екендігіне сенеміз. Бұған дәлел Алла тағаланың мына бір сөзі: «Алғашқылар алғашқылар (10). Міне, солар (басқаларға қарағанда Алланың рахметіне анағұрлым) жақындатылғандар (11). (Олар) нағим жәннатында (12).» («Уақиға» сүресі, 10-12-аяттар). Әрбір әуелгі абзал болып табылады. Оларды әрбір тақуа мүмін жақсы көреді, ал барлық бақытсыз мұнафиқ жек көреді.
Алтыншысы: Біз пенденің өз амалдарымен, тілімен иман келтіруімен, Алланы тануымен бірге жаратылғанына сенеміз. Іс-әрекетті орындаушы адам жаратылған болса, оның іс-әрекеттерінің де жаратылуы әлдеқайда мүмкін.
Жетіншісі: Алла тағала мақұлықтарды күшсіз күйде жаратты. Себебі, олар әлсіз һәм шарасыз. Алла оларды жаратушы және ризық беруші. Алла тағала былай дейді: «Алла сендерді жаратты, сосын сендерге ризық берді, содан кейін сендерді өлтіреді, сосын тірілтеді» («Рум», 40).
Дүние табу – халал. Халал жолмен мал теру – халал, харам жолмен мал теру – харам.
Адамдар үш сыныпқа бөлінеді: Шын иман еткен мүмін, күпірлігінде қасарысқан кәпір және екіжүзділікке белшесінен батқан мұнафық. Алла тағала мүмінге амалды, кәпірге иманды, ал мұнафыққа ықыласты (шынайылықты, ниетті түзеуді) парыз етті. Алла тағала былай дейді: «Ей адамдар, Раббыларыңнан сақтаныңдар» («Ниса», 1). Яғни, ей, иман еткендер, мойынсұныңдар, ей, кәпірлер, иман етіңдер, және ей, мұнафықтар, ықыласты болыңдар, дейді.
Сегізіншісі: Біз шаманың іс-әрекеттен бұрын да емес, кейін де емес, іс-әрекетпен бірге екеніне сенеміз. Егер шама іс-әрекеттен бұрын болғанда, пенде қажетті уақытта Алла тағалаға мұқтаж болмай қалар еді. Ал бұл шариғи дәлелге қайшы. Алла тағала былай дейді: «Алла мұқтажсыз, сендер мұқтажсыңдар» («Мұхаммед», 38). Егер шама іс-әрекеттен кейін болуы да мүмкін емес. Себебі, бұл іс-әрекеттің шамасыз, тағатсыз орындалуы деген сөз.
Тоғызыншысы: Мәсіге мәсіх тұрғылықты кісіге бір күн, бір түн, ал жолаушыға үш күн, үш түн (-нен аспауы) міндет. Себебі, хадис осылай жетті. Кім бұны жоққа шығарса, кәпір болып кету қаупі бар. Өйткені, бұл хадистер мутауатир хабарға жақын.Сапарда намазды қысқарту, оразаны ашуға Құранның ашық аяты арқылы рұқсат етілген. Алла тағала былай дейді: «Жер бетінде жол жүрсеңдер, намазды қысқартуларың күнә емес» («Ниса», 101). Ал оразаны ашу жайында Алла тағала былай дейді: «Іштеріңде кім науқас не сапарда болса, онда оған басқа күндерден (оразаны ашқан күндердің) санынша (ораза ұстау) жүктеледі» («Бақара», 184).
Оныншысы: Біз Алла тағаланың қаламға жаз деп бұйырғанына сенеміз. Ол айтты: «Ей Раббым, мен не жазайын? Алла тағала айтты: Қияметке шейін болатын нәрселерді жаз. Алла тағала айтты: «Олар істеген барлық нәрсе кітаптарда. Әрбір үлкенді-кішілі жолдарға жазылған» («Қамар», 52, 53).
Он бірінші: Біз қабір азабының міндетті түрде болатынына, Мүнкар мен Нәкірдің сұрақ сұрауы ақиқат екеніне, жәннат пен тозақ ақиқат екеніне һәм ол екеуінің жаратылылып қойылғанына сенеміз. Себебі, Алла тағала мүміндер жайында былай дейді: «(Жәннат) Тақуалар үшін әзірленді» («Әли Имран», 133), ал кәпірлер туралы былай дейді: «(Тозақ) Кәпірлер үшін дайындалды» («Бақара», 24; «Әли Имран», 131). Алла тағала ол екеуін сый беру және жаза беру үшін жаратты.
Таразының ақиқат екенін мойындаймыз. Алла тағала былай дейді: «Біз қиямет күні тура таразыларды орнатамыз» («Әнбия», 47).
Амал дәптерлерді оқу шындық. Алла тағала айтады: «Кітабыңды оқы, бүгін ол саған қарсы есеп беруші ретінде жеткілікті» («Исра», 14).
Он екінші: Біз Алла тағала мына нәпсілерді өлгеннен кейін жандандырады деп сенеміз. Оларды мөлшері (бізше) 50 000 жылға тең келетін күні жаза беру, сыйға кенелту және ақыларды өтеу үшін қайта тірілтеді. Алла тағала айтады: «Әрі Алла қабірдегілерді қайта тірілтеді» («Хаж», 7).
Жәннат иелерінің, қалай екені белгісіз, теңдессіз және тарапсыз түрде Аллаһ тағаланы көретіндіктері ақиқат.
Жәннат иелеріне, тіпті үлкен күнә жасаса да, пайғамбарымыз Мұхамметтің (с.ғ.с.) шапағатының тиетіні шындық.
Айша анамыз – Ұлы Хадишадан (р. А.) кейін әлемдегі әйелдердің ең абзалы, һәм мүміндердің анасы. Ол зинадан пәк, рафизилердің айтып жүрген алып-қашпа әңгімелерінен ұзақ. Кім ол зинақор деп куәлік етсе, онда ол өзі зинадан туған болады.
Жәннат иелері жәннатта мәңгі қалады, тозақ егелері де тозақта мәңгі қалады. Алла тағала мүміндер жайында: «Олар жәннат иелері, олар онда мәңгі бақи қалады» («Бақара», 82) десе, кәпірлер жайында «Олар тозақ иелері, олар онда мәңгі бақи қалады» («Бақара», 39) дейді.
Арабшадан аударған Қанат Жұмағұлов,
«Астана» медресесінің ұстазы
Имам Әбу Ханифаның ақидаға байланысты өсиеті(«әл-Уасия» кітабы)

Арабшадан аударған Қанат Жұмағұлов