Күндердің бір күнінде бастық тазалықшы ретінде жұмысшыны қабылдау барысында сұхбат құрып, тазалық жұмыстарын істетіп сынақ мерзімінен өткізіп, жақсы нәтижесімен қабылдауға шешім қабылдапты. Артынша әлгі бастық былай дейді:"Жұмысқа қабылдандың, маған е –mail адрес почтаңды айт соған жұмыс шарттары мен келсім-шарттарын жолдайын" -десе тазалықшы болып орналасатын жігіт басы салбырап компьютер мен e-mail почтасының өмірінде болмағанын айтып, өзін кінәлідәй сезінеді. Мекеме бастығы оның мүләймсіген тұрысы мен жауабына қарап, мұның қоғамда ешқандай орны, адамдық қасиеті жоқтай етіп табалап жұмысқа алмайтынын бетіне басып айтып жібереді. Жігіттің де еңсесі түсіп, не істерін білмей көңілсіз күйде қалтасындағы бар-жоғы 10 $ ақшасына көшеге шығып 10 кг қызанақ алады. Қызанақтарды дорбалап көше кезіп,үй-үйдің есігін қағып сатуға кірісіп кетеді. Осылайша 3 айналып 160$ пайда тауып, саудамен күн көріп кететіндігіне көзі жетеді. Құдайдың құтты күні таңертең шығып, күн ұясына батқанда шаршап-шалдығып үйіне оралып жүреді.
Уақыт өте келе сауданың пайдасын көріп дорбадан қол арбаға көшіп кең көлемде қызанағын сатумен айналыса береді.Бірнеше жылдар өткен соң жігіт көкөніс, жеміс-жидектерді үлкен жүк көлігімен тасымалдай бастайды. 5 жылдан кейін АҚШ-тың ең үлкен танымал азық-түлік фирмасының дистрибуты болып шыға келеді. Бір күні атақты, танымал бір фирмаға кең көлемде тапсырыс бергенде, фирма басшылығы заттың сапасы мен санына және тапсырыс өтінішінің қабылданғанына байланысты мағлұмат беру үшін e-mail почтасын сұрағанда е-mail адресінің жоқ екендігін айтқанда тапсырыс алушы фирма кызметкерлері былай дейді:Қалайша осындай алпауыт кожалыққа е-mail почтасыз ие болдыңыз, а? e-mail адресіңіз болса кім білер еді осы күні кім болатыныңызды......" -деп таңғалады. Әлгі жігіт кідіріп, сәл ойға шомылып былай жауап берген екен:" e-mail адресім болғанда "Microsoft" та тазалықшы болатын едім",-депті.