Араларында салиқалы бір адамы болған араб тайпасы бар еді. Күллі ауыл сол кісінің үгіт насихатын тыңдап, ақыл кеңесін алып отыратын. Бір күні түн ортасында ауылдың бүкіл иттері қырылып қалады. Ауыл адамдары жиылып, дана кісіге барып, бұл істің мән-жайын сұрайды. Дана ойланып отырып, тәуекелді түрде «Олардың өлімі біз үшін қайырлы болуы мүмкін!» - деп жауап береді.
Келесі күні түнде ауылдың бүкіл әтештері қырылып қалады. Ауыл тұрғындары әлгі кісіге тағы да келеді. Дана бұрынғыша «Олардың өлімі бізді бір бәледен құтқаруы мүмкін» - деп жауап береді. Адамдар былай деп сұрайды «Тақсыр, иттер қарауылымыз, ал, әтештер азаншыларымыз сияқты еді. Бұлардың өлуінен біз үшін қандай қайыр болуы мүмкін?».
Дана «Бүкіл сырды және құпияларды білетін тек жаратушы Алла Тағала, әлбетте, Ол Алла осы оқиғаның ішіне біздің ақылымыз жетпейтін үлкен бір ақиқат кіргізіп қойған»,-дейді. Келесі күні түнде ауылда бірде-бір үйдің оты жанбай қалады. Бәрі «Бір бәле келіп қалды ма?»- деп қорқа бастады. Ертеңіне таң атқанда жұмбақ оқиғалардың ақиқаты мәлім болды. Сол түні жан-жаққа жау шауып, барлық ауылды тонап кеткен екен. Қарақшылар осы ауылдың жанына дейін келіп, не иттің үргенін, не әтештің шақырғанын ести алмай және бірде-бір оттың жарығын көрмей, қасындағы ауылды байқамай, өтіп кеткен екен. Осылайша, әлгі дана-әулиенің шарапатынан ел-жұрты аман қалған екен.