Бұқаралық ақпарат құралдары және техниканың дамуы салдарынан «психологиялық соғыс» әдістері мен тәсілдері күшейді. Бүгінгі күні психологиялық соғыстың әдістері мен стратегиялары ғылымның жеке саласына айналды. Сол себепті, ХХІ-ғасырды «ақпарат ғасыры» дейтін болса, мен «психологиялық соғыстардың ғасыры» деп айтар едім. «Психологиялық соғыс» санатына жататын терроризм бұрыннан келе жатқан немесе қолдан жасалған қақтығыстар мен келіспеушіліктер негізінде қалыптасқан төңкерісшіл идеологиялар мен қозғалыстарды белгілі бір мақсат бойынша ұйымдастырудың нәтижесінде болады. Бүгінгі психологиялық соғыстың әдістері мен стратегиялары ғылымның жеке саласына айналудың өзіндік тарихы бар. Әлемдік психология ғылымы дауына көз салсақ, мына мәліметтер ойландырмай қоймайды. 1910 жылы қазіргі заман психологиясын қалыптастырушысы У.Джеймс әлемдегі алғашқы психолог лауазымына ие тұлға «Моральный эквивалент войны» және «Әлем психологиясы» атты эссе жазған.
1924 жылы Әлеуметтік психология Мэрри Паркер Фоллет «Созедательный опыт» қалауларды теңестіру емес, қақтығыстарды интеграция арқылы шешу жолын ұсынады. 1930 жылы 3000 адамнан құралған психолог мамандары және күрделі ғылым өкілдерімен құралған топ АҚШ-та психологиялық зерттеу қоғамын құрды. Аталмыш зерттеу қоғамы 1937 жылы Америкалық психологтар ассацияциясына ауысып, 1945 жылы 9 АПА статусына ие болды. Бұл ұйым психологияның соғыс психологиясымен қатар соғысты ұлтаралық қақтығысты зерттеп дамуын қамтамасыз еткен. 1945-1946 жылы АПА-да «№19 Әскери психология» атты бөлім құрылды. Бұл тәжірибеде стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге зорлықсыз іс-әрекеттің әсерлі екеніне куәлік етті. Тәуелсіздікке жылдар бойы қол жеткізе алмай жүрген колониялық мемлекеттердің шет елдік зорлықтан тәуелсіз болуына әкелді. Африканың өзінде 1950-1968 жылдар аралығында 40 мемлекет тәуелсіздік алды. Бұл нені дәлелдей алады, кез-келген адамды, елді, халықты күштеп отарлаған тиімді емес, біріншіден адам шығыны, екіншіден қаражатпен қару шығыны. Ал психологиялық тұрғыдан күшпен емес санамен, санасын басқару әлде қайда тиімді болмақ. Сананы басқару үшін оны зерттеп, жылдар бойы жұмыс жасап жатқан астыртын ұйымдар көп. Психология ғылымын терең зерттеген ғалымдар, бұл ғылымның қаншалықты адамзат баласы үшін маңызды екенін зерттеп білгелі қашан. Психологияның теориясын іс-жүзінде психология принциптерін қолдану, қалыптастыруда бұл оқиғалар үлкен әсер берді. Бұл уақытқа дейін арада біраз жылдар өтті 1930 жылы 3000 адамнан құралған психолог мамандары мен күрделі ғылым өкілдерінен құралған бұл топтың қазіргі ұйым мүшелерінің саны мен сапасы сексен жылдан аса уақытта сексен пайыздан аса өскен болар. «Есі дұрыс ересектердің қылығы қатып қалған, өзермейді деп ұғуға болмайды. «Жан» туралы сөйлейтін ескі психология адамдарды өзгермейтін, сол түрінде өзгертпеуге болатын, қатып-піскен, шыныққан зат деп қараған. Бұл өте теріс, өте зиянды пікір. Ол пікірден енді шығу керек, адам өзгермелі құбылмалы. Сондықтан оның қылығы да өзгермелі», - деген Ж. Аймауытов «Психология» атты кітабында. Сондықтан ғылымға сүйенген психологияның мақсаты: адамның қылығы ненің себебінен өзгертетіндігін, ол өзгеріс немен, қалай жағдайланатындығын табу болмақ. Ағылшын кемеңгері физикашы ғалым Ньютон «Әрбір құбылыс уақыттың салдарынан өзгереді» деп әлдеқашан айтқан. Ендеше уақыттың салдарынан адамның қылығы да өзгереді. Мұндай өзгерістер көп уақыт ондаған жылдар өткен соң байқалады. Оның өткендегі бала күндегі қылығымен жақсы таныс болуымыз керек, өйткені ересек адамдардың қылық негізі-бала күндегі қылығы. Әр түрлі ой жұмысында мидің түрлі бөлімдері, қабықтары ғана қызмет етеді дейді. Мәселен, көгершіннің үлкен миын (қақ жарымын) кесіп алады; бұл оташылықты көгершіннің тіршілігіне зиян келтірмейтін қып істеуге болады. Үлкен мидан айырылғаннан кейін де бір талайға шейін көгершін өмір сүреді; бірақ оның қылығы әлдеқайда өзгереді; алдына бидай төксеңіз, ол көгершін шоқымайды; тұмсығын ашып, аузына салсаңыз, сонда шоқиды; ол өздігінен қозғалмайды. Түртіп итеріп қалсаң ғана қимылдайды. Қысқасы көгершін бұрап жіберген машина секілді бір мақұлық болады. Еркін, қайратын, зердесін, жоғалтады. Бұдан не қорытынды тумақ? «зерде» «ерік» дейтін қызметтер үлкен мидың қызметіне байлаулы, ал сол үлкен ми қызметін отасыз психологиялық жолмен ота жасап қақ айырып алып тастаушы саясатпен астыртын ұйымдар жайында не айта аламыз? Кез келген ғылым зерттеулер тәжірибені талап етеді емес пе? Қару-жарақты шығарғаннан кейін оны іс жүзінде пайдалану қажет сияқты, қыруар ақшамен қаржыландыратын астыртын ұйымдардың да теория да зерттеген «психологиялық соғыс, қақтығыстар» практикада «терроризм» атауымен қолданып жатқаны белгілі. Күрделі зерттеулер, күрделі қаржыны талап етеді. Аталмыш психологтардың зерттеу жұмыстары мен жұмсалған қаражатты өндіру қажет. Ол мақсатта тәуелсіздігін алып, «ел боламын» деп жатқан елдерді қолдану әбден тиімді болмақ, жеңіл практика алаңына айналған дамушы елдер мен қоса дамыған елдер террор актілеріне төтеп беруі қиын болмақ. Әсіресе Қазақстан сияқты бейбіт, тату, қой аузынан шөп алмайтын ел үшін терроризммен немесе психологиялық соғыспен күресуде тәжірибе енді қалыптасып келеді. 1999 жылы қабылданған ҚР-ның «Терроризмге қарсы күрес туралы» заңында терроризм сөзіне мынадай түсініктеме берілген: «терроризм-қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында не мемлекет, не қоғам қайраткерлерінің қызметін тоқтату немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту».
Әлемнің ең үлкен проблемасы: «Мен қалай ойласам, менің идеологиям қандай болса басқалар да солай ойласын» деп пікірлеу. Бүкіл ғалам идеологиясы ойы бірдей болса басқаруда оңай болмақ. Қақтығыстың барлығы сол себептен. Адамдар, топтар өздерін мәжбүрлеп мойындатқысы келеді. Террор ұйымдары да сан түрлі, олардың мақсаттары, ұрандары мен идеологияларыда әр түрлі. БАҚ беттерінен жаңа террор аттарын естіп біліп жатамыз. Террордың сөздік мғынасы «қорқыту, шошыту, қаймықтыру» дегенді білдіреді. Психология ғылымында адамдарды екі жолмен басқаруға болады. Біріншісі – ұялту, екіншісі – қорқыту. Террордың басты мақсаты болып адамдарға психологиялық соққы беру арқылы қорқытып, үрейлендіру, адам санасын басқару болып табылады. Яғни, адамдарды белгілі бір идеология мен ұстанымды жүйені мойындату үшін күшпен құлатып, орнына өз идеологиялары негізінде құрылған жаңа билікті орнату. Тағы бірі, анықталуы қажет басқа да көп деген себептер мен зорлық-зомбылық жасау. Қай жерде қалай және қашан террор жасалатындығы белгісіз болғандықтан адамдардың еш себепсіз оның құрбаны болатындығын ескере келе қоғамдық үрей, қоғамдық сананы басқару болып саналады. Терроризм жеке адамдарды үрейлендіріп, қорқытқанымен, саяси идеологиялық мақсатқа жету үшін заңнан тыс жолдармен қолдану үшін ұйымдасқан жүйе. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық проблемалар немесе биліктің кейбір кем тұстарын пайдалан отырып, терроршылар өзіне жақтастар іздей бастайды, өздерінің идеологиялық бағыты бойынша үгіттеп, ұйымдастырады. Мұндай топтардың ұрандары мен идеологиясына қатты сенген жанкештілер өздеріне де, күнәсіз бейбіт азаматтарға да зиян келтіруде. Террор амалдарының немесе психологиялық соғыстың жиілеуі немесе азаюы халықаралық, аймақтық, мемлекеттік деңгейдегі саяси-әлеуметтік оқиғалармен тығыз байланысты. Лаңкестердің артықшылығы олардың кез-келген уақытта және кез-келген жерде қимыл жасай алатындығы. Өте қатал тәртіппен тәрбиеленген және қоғамға «қайтарылуы» көп жағдайда мүмкін емес терроршы-жанкешті сыр бермейді. Терроршы психологиясында ешқандай этикалық-адами құндылық, адамгершілік қасиет болмайды, сол үшін аса қауіпті. Лаңкестердің шабуыл кезінде өздерін еркін сезінуі осыдан. Террорды тек сыртқы күштер ұйымдастырмайды. Өйткені, террордың пайда болуы мен дамуына қолайлы орта болмаса ол өздігінен жасай алмайды. Ол үнемі ауызбіршілігі жоқ елдерде, әлеуметтік ауруы асқынған қоғамдарды, өз жағдайына көңілі толмайтын адамдарды іздеп тұрады. Қоғамда жікшілдік пен араздық пайда болса, ондай қоғам терроризм үшін қолайлы орта. Терроризм технология сияқты өзгеріп отырады, жаңа әдістер мен жабдықтарды сіңіре отырып, дами береді. Тұтқындалған терроршыдан «неге бұған бардың» деген сұраққа «әділетті орнату, зұлымшыл билікті құлатып, орнына әділетті билік орнату» деп жауап береді. Олар өздерін халықты құтқарушы батыр ретінде санайды. Сол себепті террор ұйымдары үгіт-насихат жұмысына аса мән береді. Лаңкес тұлға ол біреудің баласы, біреудің бауыры. Не себепті өзіне қару жарақ асып, күш жұмсауға дейін барады?! Билік жүйесін әдеттегі жолдармен құлата алмайтынына сендіріп, терроршыларды қарулы күрестен басқа амал жоқ деп үйретеді. Соңында терроршы тұлға кез-келген іс-әрекетке дайын болады. Дінтанушы М.Бұлұтай «Дін және ұлт» атты кітабында терроршылар турасында «Терроршылар жүйені құлату жоспары ұзақ мерзімде орындалады» деп санайды. Оған жету үшін қысқа мерзімді мақсаттар орындалады:
- Мемлекет беделін шайқалту.
- Теракт арқылы танылу жұртшылық назарын аудару.
- Үрей салу арқылы қоғамның терроризмге қарсы тұру күшін жою.
- Қалың бұқараны зормен басқару, бағындыру.
- Жақтаушылар мен демеушілердің санын көбейту секілді мақсаттарына негізделген» деп атап өткен.
Мемлекет беделін шайқап, ішкі тыныштықты бұзу басты мақсат. Тыныштық кеткен жерге соққы оңай тиеді. Экономикалық мақсатта терроризм не үшін қажет? Бұл нысанға алынған мемлекеттке экономикалық соққы беру. Халықтың әл-ауқатын көтеру үшін, көкейкесті проблемаларды шешуге арналған қаржы, терроризмен күреске жұмсалады. Терроризмен күресу қымбат жоба. Мыңдаған кадрлар осы салаға салынады. Кедей елдер шет елдің қымбат техникасын сатып алу үшін шет елдерден қарыз алады. Мұндай ел сыртқа тәуелді болады, саяси билік әлсіреп қуыршаққа айналады. Мұндай халдегі мемлекетті сырт күштердің басқаруы оңай болады. Кез-келген халықтың осал психологиялық тұсы ұлтқа бөліну, Қазақстан сияқты көп ұлті елге бұл тіпті қауіпті болмақ. Осыны жақсы зерттеп білген жоспар құрушы мамандар ұлттық, этникалық немесе діни негізде жік салып, мемлекет тұтастығын бұзуға әрекет етеді. Ұлттар арасындағы татулықты бұзатын шаралар террордың пайда болуына қолайлы жағдай жасайды. Террор барлық әрекетті жарнама ретінде жасайды. Оның болғанынан қалған әсері мықты. Социологиялық психологияда «Үрей гипнозы» деп аталатын жағдай бар. Ондай жағдайға шалдыққан адамдар бейғам, самарқау, пассивті, немқұрайлы халге жетеді. Психологиялық сау қоғам дереу қарсылық көрсететін нәрселерге үрей гипнозына шалдыққан қоғам күшті қарсылық көрсете алмайды. Мұндай қоғамда маскүнемдік, ұятсыздық, ұрлықшылық сипаты белең алады. Психологиялық иммунитет зақымдалған қоғам рухани қалқаны жоқ орта басқа идеологияға қарсылық көрсетуге шамасы жетпейді.
Лаңкескес дегеніміз кім? Қазақстанда белең алған террор актілерінде лаңкес болып ұлты қазақ, өзміміздің қоғамнан шығып жатқан азаматтарды көреміз. Осы тұста Қ.Исабаевтың «Шоң би» кітабындағы тарихта болған оқиға есіме түседі. Бірнеше рудың жылқыларын қос, қосымен біріктіріп жіберген ағайынды екі бауыр болады. Жылқы біріккен соң оны ажырату мен бөліп алу оңай болмаған, артынан дау туған, халық наразы болған. Осылай бірнеше рудың жылқыларын айдап әкеп қосып жіберген қос ағайынды да қазақ балалары. Олар Шоң биге қарсы Бөкей ханның әмірін орындаған. Кейін екі ағайынды бауырдың кінәсі анықталған соң Шоң би екеуінің аяқ қолдарын екі бөлек жылқыға байлап екі жақа бөліп тастаған. Бұл жазаны ел тыныштығын бұзғаны үшін қолданған дана биге ешкім қарсы келе алмаған. Ел-жұрт балаларын біреудің айдауында болмауын жіті қадағалаған. Ал қазір ата-ана бақылауынан тыс қалған болашақ жаңкешті лаңкеске жалғыздық психологиясын жақсы пайдаланады. Жеке оқшау ұстайды. Ондай адамдар қатігез болады. Психологиялық себептері қабілеті жеткіліксіз өзіне сенімсіз. Олар өздерін көпшілік алдында дәлелдегісі келіп тұрады. Қазақта «атың шықпаса жер өрте» дегендей. Олар халық назарын аудару үшін бұзақылық, бопсалау алдап-арбау амалдарына барады. Терроршылардың ұйымы көбінесе 15-25 жас аралығындағы жастардан қалыптасады. Психологияда бұл кезеңді «есею кезеңі» деп атайды. Адамның өз-өзін тану сезімінің бекуі қажет. Әр адамның қоғамдағы орнын анықтау қажет кезең. Террор амалдарына «социопат» және «психопат» деп аталатын ауру топтың мүшелері де барады. Психопат қызық көру үшін қылмыс жасайды. Еш нәрседен тартынбайды. Олар арақ, есірткі, улы ішімдіктерге құмар келеді. Өздерін «данышпан» сезінетіндері де болады. Террор ұйымына адамдар ерекше таңдалып, даярланады. Терроршы санасы кәдімгі адамнан бөлек құбыжыққа айналады. Сезім мүшелері арқылы миға келетін деректер «сананы» , «түйсікті» бұзады. Ондай адамды қалыпқа келтіру күрделі психологиялық терапияны талап етеді. Әр қоғамда әлеуметтік- экономикалық жағдайына наразы адамдар болады, бұл қалыпты жағдай. Осы жағдайды тиімді пайдаланып, ел санасын, идеологиясын оңай бұрып алып кететін жақсы даярланған ұйымдар жеткілікті. Мемлекет адамдардың бәріне бірдей жағдай жасауы мүмкін емес, әр адам өз өмірінің қожайыны. Алланың берген денсаулығы мен ақылын, санасын, психологиясын қалай қолданамын десе де өз еркі. Бастысы саналы түрде мақсат қойып өз-өзіңді алдымен өзіңе, кейін ата-анаңа, одан кейін Отаныңа дәлелдей алуың керек. Ол үшін жастардың ұлтжандылық идеологиясы болу қажет. Осы тұста Гегель өзінің дін философиясында: «Бостандық дегеніміз-өзінен басқа ештеңені танымау» деп айтқан сөзіне қосылғым келеді. Уақытша болса да нақты «Қазақстандық, қазақи» идеология құралып, іс жүзінде қолданғанша Гегельдің айтқанымен санасу қажет.
Жастар әр кезде кез-келген қоғамда қомақты рөл ойнайды. Қоғам басын біріктіретін құндылықтарды дәріптеу осы жастардың қолында. Осы тұста Абылай ханның айтып кеткен даналық сөзі еске түседі «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік». Білімді сауатты қоғамда, кез-келген жат идеологияның, жат ағымның ақ-қарасын ажырата алатын, төтеп бере алатын «имунитет» болады. Америка ғалымы Джеимс Америка жұртын денесін дамыл көрінетін, тыным алмайтын, тым ұшқалақ, қунақы, ісшіл деп айтпаса, бізге қазақ жұртын тым керенау, тым өлі сүйек, тым іссіз деп айыптауға тура келеді. Үндістандықтар күніне жарты сағаттай дамылдап, терең мәселе туралы терең ойға батса, қазақ жұрты тамақ ішуге, дамылы кеткен болмаса, одан өзге өмірінің бәрін бос сөзбен, жалқаулықпен, ұйқымен алады. Алдын болжай алмайтын бейқамдық, іске мойны жар бермейтін еңбексіздік, тағы сондай жаман әдеттер.
Қорыта келе, «Психологиялық соғыс» немес «терроризмге» шындап төтеп бере алатын идеология мен дін мәселелерін қарастырайық. Қоғам басын біріктіретін құндылықтарды дәріптеу қажет болса, ең басты құндылық болып кез-келген қоғамда «сенім» болмақ, Жаратушыға деген сенім. Осы тұста дәстүрлі дініміздің санамызға, психологиямызға әсері қаншалықты екенін айтпай-ақ білуге болады. Бабалар бастаған Ислам діні мұсылмандық философиясының мәйегі. Әл-Фарабидің пайымдауынша, дін - бәрі үшін алғашқы басшы, алдын-ала айқындалған көзқарас және іс-қимыл. Әл-Фараби дүниетанымында дін - ойлаудың нақты әдісі және қоғамдық өмірдің ажырамас бөлшегі және адамдардың ахлақтық, құқықтық қарым-қатынасын реттеуші жүйе ретінде қарастырылады. Жүсіп Баласағұн «Құтты білігінің» дүниетанымдық және құндылықтық бағдары, Ислам діні мен ахлағына негізделген. Жүсіп Баласағұн «Құтты білігінде» білімді адамдар өмір сүретін мінсіз қоғам нормалары жайлы, әлеуметтік мәртебесі әрқилы қоғам мүшелерінің мінез-құлық ережесі, сонымен қатар басқарушы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас қағидалары баяндалады. «Құтты білік» шығармасында биліктің тек адамгершілік және имандылықпен санасқанда ғана абыройлы болатынын дәлелдеген және соған апаратын жол көрсетілген. Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегінде тіл мәдениетімен қатар, исламның рухани-имани құндылықтарын айтады. М. Қашқари өз еңбегінде Құран мен Сүннетке негізделген Ислам құндылықтарын адамды тәрбиелеу мұратына қолданады. Қожа Ахмет Йасауи мұрасы ислами ахлақ пен сопылықтағы кемелдену, жүректі тазалау, нәпсіні ауыздықтау, дертті мінез-құлықтармен күрес, тақуалық, төзімділік, шынайылық, қанағатшылдық, мойынсұну Аллаға шынайы махаббат сынды ұғымдарды жан-жақты ашып көрсеткен.
Бұл мақаланы жазуда бір ғана мақсат бар. Өмірімізге сіңген, бабалар бастаған асыл дініміз қажетті деңгейде насихатталсын, адамдар өмірінде тәжірибеге енсін, өмір сүру салты болсын. Жоғарыда атап өткен Ислам ғалымдары аттары әлемге әйгілі, олар ислам дінін ұстанамын деп қоғамнан, не өз ғасырынан қалып қалған жоқ. Керісінше Исламға сүйеніп жазылған еңбектері ғасырлар бойы ұлт тыныштығын сақтап, қазақтың қазақ болуына үлес қосқан.
Жастар білім алсын, оқысын, ел экономикасын көтерсін, бірақ сенімімен, дінімен бірге. Жоғарыда айтылған, «Көгершін» мысалындағы тәжірибе қазақ жастарына жасалмасын. Қазақы салт-санамыздан, қазақы болмысымыздан ажырамайық.
Ләззат МЫРЗАШОВА, психолог