Пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманында сахабалардан біреуі келіп, «табысымның көптігіне қарамай тұрмыс ауыртпалығын шегудемін» деп жағдайын айтады. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
– Үйіңде намаз оқымайтын адам бар ма? – деп сұрайды. Ол:
– Жоқ, үйде барлығымыз намаз оқимыз, намаз оқымайтын адам жоқ, – деп жауап береді. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
– Көршілеріңнен әлде сол көшелеріңде намаз оқымайтын адам бар ма? – деп сұрайды. Сахаба:
– Көршілеріміз де көшеміз де намаз оқымайтын адам жоқ, – дегенде пайғамбарымыз (с.а.у.):
– Бір сұрастырып көр, көшелеріңнен намаз оқымайтын біреу өтті ме екен? – деп бұйырады. Қайтып келген сахаба:
– «Сұрастырдық көшеден намаз оқымайтын адам өтпеген екен, – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Бұл берекесіздік намаз оқымаудан туындауда» дегенде, сахаба қайтадан сұрастырып:
–Ей, Расулаллаһ! Намаз оқымаған біреудің жаназасы өтіп бара жатып, табыты біздің үйдің дуалын сызып кеткен екен, – дейді. Бұған пайғамбарымыз (с.а.у.):
–Міне, үйдегі берекесіздіктің себебі осы, ол дуалды тез арада бұзып, қайта тұрғызыңдар!» – деп бұйырады.