«Зікірдің ең абзалы “Лә иләһә илла Аллаһ” ал, дұғалардың ең абзалы “Әлхамду лилләһ”- деп айту».
«Алла сөзсіз қиямер күнінде бір адамды ортаға шығарады, содан кейін әркімнің көз алдында көз көре алмайтындай үлкендікте тоқсан тоғыз іс қағазы ашылады да, Алла сол құлынан былай сұрайды: «- Осылардан сен қабылдамайтын бір нәрсе бар ма? Жазушы және қорғаушы періштелерім саған хақсыздық жасады ма?»
«- Жоқ, иә Раббым!».
Алла Тағала: «- Алдымызда сенің сауабың бар. Бүгін саған ешқандай зұлымдық жасалынбайды, ақың желінбейді»,- дейді және оған ішінде «әшһәду ән лә иләһә илла Алла уә әшһәду әннә Мухаммадан адуһу уа рас улуһу» деген жазуы бар бір қағаз беріледі де «- Қанекей, мизанға дайындал!» - дейді.
«- Иә Раббым! Осындай көп қағаздардың қасында бұл қағаз неге жарайды?»,-деп айтады. Бірақ оған: «- Сенің бүгін ақың желінбейді» -делінеді. Тараздың бір жағына амал дәптері, екінші жағына куәлік сөзі жазылған қағазы қойылады. Әлгі қағаз кітаптардан ауыр тартады. Өйткені Алланың есімін ешбір нәрсе ауыр тарта алмайды.
Кәлима Тәуһидтің жүректен орын табуы үшін мына бес ережені орындау қажет.
- Жүректің Құдаймен бірге болуы.
- Пайғамбарға көңілдегі махаббаттың көбеюі, мұның нәтижесі: сүюге тұратын нәрселерді сүю, жек көруге тұратын нәрселерді жек көру.
- Тақуа, дана кісілерді жақсы көріп, олрадың ғибадаттары мен іс әрекеттерін үлгі етіп, өз өміріне орналастыру.
- Жаратушыдан сұрап, жаратылғандарға қамқорлықпен, мейірімділікпен мәміле жасау.
- Алла Тағала құлдарына, әсіресе «Рахман» және «Рахим» есімдерін, яғни, шексіз кешірімді болуды үгіттеу.