Көңілді толқытқан ғибрат

Көңілді толқытқан ғибрат

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Соңғы кезде әлемдегі рухани құлдырауға қатты қайғырған Пәкістандық данышпан әулие Иқбал р. у . ғ. Былай деп зарлайды: «Қандай өкініш! Енді ғашықтық тебірену мен рухани шаттық қалған жок. Мұсылмандардың тамырларындағы қасиетті қан да құрыды. Мешіттерде оқылып жатқан намаздарға қараңдаршы. Қатарлар қисық, сәжделер құлықсыз, көңіл тынышсыз. Шабыт беретін иләһи толқын жоғалған».

«Әй, махаббат! Әй көңіліміздің терең мағынасы! Ей біз еккен тұқым! Ей біз орған өнім! Осы ахуалға бір қара; құрамы топырақ болған адамдар енді ескірді. Қазір біздің болашағымыздан басқа бөгде бір ұрпақ пайда болды!»

Мұсылманның кәпір сияқты, кәпірдің мұсылман сияқты өмір сүруі қоғамның дамуына игі ықпал етпейді. Өмірдің мәнін ашпайды. Сондықтан, Алла құзырында негізгі пайда тек қана бақыттылық ғасырындағы тебірену мен Алламен қауышыу арманы мен «Қалби Салим» (мінсіз таза жүрек) күйінде мұсылман болып өмір сүру ғана пайда береді.

Бір күні мұсылмандар қаласында жұма намазы өтіп жатады. Имам минбарда тұрып қабірдегі жағдай туралы айтып жатады. Жиналған жамағат ішінде Хазірет шейх Шибли р.у.ғ. де бар еді. Уағызшы сөздің соңына қарай Алла тағала қабірде жатқан құлына қоятын сұрақтары туралы айта бастайды. «Біліміңді қалай пайдаландың? Мал-мүлкіңді қайда жұмсадың? Өміріңді қалай өткіздің? Ғибадаттарың түгел ме? Харам мен адалға бейқам қарамадың ба?»,-деп әңгімесін ұзақ айтты. Егжей-тегжейлі айтылғанымен мәселенің негізіне жетпегендіктен Шибли р.у.ғ. уағызшыға қарап «Тақсыр, кешіріңіз, сұрақтардың бәрі дұрыс, тек ең маңыздысын ұмыттыңыз. Алла тағала «Ей, құлым! Мен сенімен үнемі бірге едім, сен сонда кіммен едің?»,-деп сұрайды»-дейді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: