Адамның жүрегін күйрететін төрт нәрседен сақ болыңдар:
- Ақымақтармен сөз таластыру.
- Жеңіл күнәлардың шамадан тыс көп болуы.
- Бөтен әйелдермен үнемі қоян – қолтық араласу.
- Көңілі соқыр, көкірегі тар адамдармен ұзақ мерзім бірге жүру.
Уаһһаб ибн Мунаббиһ «Адамдардың арасында жүргенде шайтанды лағнеттейсің, ал жалғыз қалғанда шайтанға мойныңды иіп, онымен дос боласың»,- дейді екен.
Бір хадис-и шарифте:
«Кімде – кім осы дүниеде діни білімін тереңдетіп, дүниеқоыңыздықтан арылып, тақуалығын арттырмаса, ол адам күннен – күнге Алладан алыстаған үстіне алыстай береді» дейді.
Сүр үрлену кезінде үш кезең болады:
1) күллі дүние үсіп, қатып қалады, 2) барлық нәрсе жойылады да тау – тас, төбе деген нәрсе қалмай, жер шары теп – тегіс болады, 3) «Тұрыңдар!» – деген Алладан бұйрық келіп, барлық тіршілік қайта түрегеледі.