Бес түрлі қараңғылық бар және бұларға қарсы бес түрлі жарық бар.
1. Дүние махаббаты бір қараңғылық, ал жарығы тақуалық.
2. Күнә бір қараңғылық, ал жарығы тәуба ету.
3. Қабір бір қараңғылық, ал жарығы «Лә иләһә иллә Алла, Мұхаммәду Расуль Алла» зікірінде үнемі болу.
4. Ахирет бір қараңғылық, ал жарығы салих амалдар (ізгі істер).
5. Сират көпірі бір қараңғылық, ал жарығы нық әрі күшті иман.
Осы жарықтардың ішіне кіре алған кісі мәңгі бақытты.
Намазды қалай ләззат алып оқуға болады?
1) Адал тамақ;
2) Дәрет аларда ғафыл болмау;
3) Алғашқы тәкбірді аларда өзінің Алла алдында тұрғанын білу;
4) Намаздан кейін де Алласын мүлде ұмытпау (2,32 бақара сүресі, 32 аят).
Шақиқ-и Балқи былай деген екен: «бес нәрсені іздеп едік бес нәрсені таптық: ризықтың берекетін таң намазынан, қабірдің жарығын тәжжахут намазынан, Мүңкір мен Нәңкірдің сұрақтарының жауабын құран-кәрім оқудан, сират көпірінен оңай өтуді ораза тұту мен садақа беруден, аршынның көлеңкесін ел көрмейтін жерде жалғыз Алланы зікір етуден таптым».