Үш күндік аштық

Үш күндік аштық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір күні кешкісін үйіне кіріп былай деп бұйырды:

         – Ей, Айша! Үш күн бойы дәм татпадым. Жейтін бір нәрсең бар ма?

Сол кезде есік қағылып хазіреті Әбу Бәкір (р.а) келді. Не үшін келгенін сұрағанда былай деп жауап берді:

– Ей, Расулаллаһ! Үш күн бойы дәм татпап едім, қасиетті жүзіңді көріп, аштығымды ұмыту үшін келдім. Сол кезде хазіреті Омар (р.а) мен Әли (р.а) де кіріп келді. Олар да сол сөзді қайталады.

Хазіреті Әли (р.а) айтты:

– Ей, Расулаллаһ! Кеше Муаз бен Жәбәлдің бақшасынан ағашта пісіп тұрған құрмаларын көрдім. Сонда пайғамбарымыз:

– Қане онда Муаздың үйіне барайық, – деді.

 Бірігіп Муаздың (р.а) үйіне келді. Муаз (р.а) есікке қарай жүгіріп, қонақтарды ішке кіргізді. Пайғамбарымыз (с.а.у) жағдайды түсіндіргенде, қатты қамығып былай деді:

– Ей, Расулаллаһ! Құрмаларды бүгін ғана жинап, біразын жедік те қалғандарын садақа ретінде таратып жіберген едік.

Сонда пайғамбарымыз (с.а.у.) Әлиге үйден бір себет алып бақшаға баруын және құрма ағашына:

«Расулаллаһ сенен құрма беруіңді сұрады!» деп айтуын бұйырды.

Хазіреті Әли пайғамбарымыздың сөзін айтқанында ағаш бір сәтте құрмаға толып қалды. Себетті толтырып әкеліп, барлығы тойғанынша жегенінде де себеттегі құрмалар мүлдем азаймады. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: