Азыққа халал саналған бір малды мұсылмандық
әдеппен сою не аулау жолымен ұсталатын болса, бұл
жағдайда да діни шарттарға сәйкес әрекет етілуі қажет.
Еті халал болумен қатар, лас нәрсе жеген құрлықтағы
малдарды дереу сойып жеуді барлық мәзһаб мәкрүһ
санаған. Ахмед ибн Ханбәлдың мәкрүһ және харам деген екі көзқарасы бар.
Мұндай лас нәрсе жеген малдарды бір
мезгіл таза қорекпен бағып, етіндегі жаман иістің кетуіне
жағдай жасалуы қажет. Фиқһ кітаптарында бұл жағдай
тауықтар үшін үш күн, қойлар үшін төрт күн, сиыр және
түйелер үшін он күндей күту қажет деп айтылса да, негізінде малдағы жаман иістің кететіндей мезгіл күтілуі
тиіс.
Балықтардың таза емес суларда болуы еттерінің жеуі-
не кедергі келтірмейді.
Балықтың жұтқан балығы да (егер
бөлшектеліп кетпеген болса) жеуге жарайды.
Сондай-ақ, халал болған тірі малдан сойылмай тұрып
жұлынған, яки кесіп алынған ет бөлшегі өлексеге жатады.
Мұндай етті жеу барлық мәзһаб бойынша харам саналған.
Шариғатқа сай сойылған малдардың да жеуге болмайтын
харам саналған кейбір мүшелері бар.
Жан-жануарлардың жұмыртқасы мен сүті еттерінің
үкіміне қатысты. Сондықтан Ханафи мен Шафиғиларда
етін жеуге болмайтын жануардың жұмыртқасы да халал емес. Сүт те төрт мәзһаб бойынша еттің үкіміне
қатысты. Ал адам еті Құранда айтылғандай ардақты етіп
жаратылғандықтан харам етілген. Ана сүті харам емес.