Ақиқа құрбаны деп қандай құрбанға айтылады?

Ақиқа құрбаны деп қандай құрбанға айтылады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Жаңа туылған сәбидің басындағы шашына «ақиқа» – делінеді. Алла Тағаланың нәсіп еткен перзентіне шүкір ретінде шалынатын малға да «ақиқа» құрбаны делінеді. 

Ақиқа құрбанын сәбидің туылған күнінен бастап, балиғат жасына толғанға дейін шалуға болады. Бірақ сәбиге жеті күн толғанда шалу – абзал. Сәбидің туылғанына жеті күн болғанда аты қойылып, шашы алынады. Алынған шаштың салмағында алтын немесе күмісті садақа ретінде беру – сүннет.

Құрбанның да сол күні шалынуы – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) екі немересі Хз. Хұсайн мен Хасан үшін ақиқа құрбанын шалғаны риуаят етіледі. Құрбан айтта құрбандыққа жа- райтын малдар ақиқа құрбанына да жарайды. 

Қыз балалар үшін де ақиқа құрбанын шалады. Ақиқа құрбанының иесі етінен жеуіне және басқаларға садақа ретінде таратуына болады. Ақиқа құрбанын шалар кезде: «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар. Аллам, бұл сенің ризалығың үшін шалынған пәленшенің ақиқа құрбаны» – делінеді.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: