Айттың алғашқы күні тек қана Үлкен шайтанға
(Ақаба жәмрасына) жеті тас лақтырылады. Алғашқы
тас лақтырылысымен қажылықтың басынан айтылып
келе жатқан «тәлбия» дұғасы тоқталады. Бұдан кейін
тәлбия айтылмайды.
Айттың бірінші күні шайтанға тас
лақтырудың уақыты – таң атысымен басталып, ертесі
күні таң атқанға дейінгі мерзім. Айттың бірінші күні күн
шықпастан шайтанға тас лақтыру – мәкрүһ, күн шыққанан
кейін түске дейін лақтыру – сүннет, түстен кейін күн
батқанға дейін лақтыру – жәйіз (рұқсат етілген), себепсіз
күн батқаннан кейін лақтыру – мәкрүһ.
Адамдардың
тығыздығына байланысты күн батқаннан кейін лақтыру
мәкрүһ саналмайды. Күн батқаннан кейін лақтырудың
мәкрүһ болуының себебі, лақтырылған тастардың, қараңғы болғандықтан шайтан тасқа тимей қалуы және
басқа адамдарға зиян тию қаупі болғандықтан.
Бірақ қазір
арнайы жарықтандыру жүйелері қолданылғандықтан,
аталмыш себептер кездеспей және күндіз адам тығыз
болғандықтан, күн батқаннан кейін лақтырудың еш
мәкрүһтігі жоқ.