Сену және сенбеу

Сену және сенбеу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Хазіреті Әли (р.а.) былай деген: «Өлгеннен кейін қайта тірілуге сенбейтін адамды көрсең оған былай де: «Мен сенемін иман келтіргенмін. Сенің айтқаның дұрыс болса мен бұдан еш зиян көрмеймін. Менің айтқаным дұрыс шықса, сен мәңгілікке отта жанасың!» Яғни сенетін дінге мойын ұсынып, ешкімнің құқығын таптамай, ешкімнің ақысын жемей адал өмір сүріп, көркем мінезімен дүниеде жақсы адам болғанындай ақыретте де мұның жемісін көреді. Ал сенбейтін адамның дүниеде шектеулері болмағанындай ақыретте азапқа ұшырайды. Сенбейтін имансыз бір адам өлсе, имансыздардың көзқарасы бойынша жоқ болады. Ал сенетін иманды адамның көзқарасы бойынша жоқ болады. Ал сенімі бойынша шексіз ләззаттар, нығметтер ішінде өмір сүреді. Ақылы мен білімі бар адам осы екеуінің қайсысын таңдайды? Әлбетте екіншісін емес пе? Дүние істеріндегі және әлемдегі жүйелік пен заңдылықтар, ақыл иелеріне Алла Тағаланың бар екенінен хабар беріп, көрсетіп тұр. Олай болса, ақылы, ілімі бар адам Алланың бар екеніне және бір екеніне сенуі қажет. Сенбеу – ақымақтық және надандық болады. Исламға мойын ұсынған адам дүниеде рахат әрі бақытты өмір сүреді. Барлық адамдарға жақсылық жасайды. Алла Тағала құлдарына көп мейірім еткені үшін пайдалы нәрсені жасауды әмір еткен. Бұл әмірлерге «парыз» делінеді. Зиянды нәрселерге тиым салған. Оған «харам» делінеді. Парыздар мен харамдардың барлығына «Ислам үкімдері» делінеді. Исламға сенген және мойынұсынған адам дүниеде және ақыретте Алла Тағаланың жақсылығына қауышады, бақытты болады. Сенбеген адам ақылы мен дүниеде пайдалы болған үкімдеріне ұйыса, тек дүниеде бақытты, рахат өмір сүреді. Қазір еуропалықтардың бір бөлігі осы себептен бақытты және рахат өмір сүруде. Исламға ұйымағандар төмен, қор күйде өмір сүруде.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: