Қиямда қолды кіндіктен төмен байлау туралы дәлелдер.

Қиямда қолды кіндіктен төмен байлау туралы дәлелдер.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәкбірден кейін қол байлау – сүннет. Ал, қолды кіндіктен төмен ұстаған абзал. Тақуалыққа ең жақыны – осы. Қол байланғанда оң қолдың басбармағы мен кішкентай саусағы арқылы сол қолдың білезігінен қапсыра ұсталады.

Бұл жайында Имам Ахмедтің хадис жинағында жет- кен риуаяттың бірінде Әзірет Әлі (р.а.):

ُ ْ ال َك َّف على َضع َّة و ن ُّ ُ عن أبي جحيفة أن عليا رضي اهلل عنه قال: » الس ِة ». رواه إمام أحمد، وأبو داود، وابن َّ ر ُّ َ ْح َت الس ْال َك ِف ّ َّ في الصلاَِة ت أبي شيبة

«Оң қолды сол қолдың үстіне қойып, кіндіктен төмен байлау – сүннет», – деген.

Сондай-ақ, тағы бір риуаятта сахаба Әбу Һұрайра (р.а.) былай дейді:

ِة« رواه الدارقطني، َّ ُ ر »أخذ األُك ّف على األُك ّفِ َ في الصالة تحت الس

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір қолын екінші колына қойып, кіндіктен төмен ұстап, қол байлады».

Осы хадистерге сүйенген имам Ахметтің көзқарасы бойынша да қолды кіндіктен төмен байлау – сүннет». Қолды кіндіктен төмен байлау жайында Уаил ибн Хужр мынадай хадис риуаят етеді: 

ه ْ َ َلي صَّل ُ ى اهلل ع َ َّ َِّبي ْ ُت الن َي أ َ ح ْجِر عن ابيه قال: ر َ ِائ ُ ل بن ُ عن علقمة بن و ِة«. قال الشيخ َّ ر ُّ َ ْح َت الس َ الِِه ِ ف َّ ي الص َالِة ت َ َل ِى شم ُ ع َه ِمين َ َ ي َ َضع َ و َ َّلم َس و أبو الطيب المدني في شرح الترمزي: هذا حديث قوي من حيث السند

«Мен Пайғамбарымыздың намазда оң қолын сол қолының үстіне қойып, кіндіктен төмен байлағанын көрдім».

Әбу Тайып ибн Әбдіқадыр әл-Мәдәни «Тирмизидің Сүнәнына» жазған түсіндірмесінде: «Бұл хадис сенімді жолмен жеткен» - деген. Ибн Шәйбәның «Мусаннафф» атты еңбегінде Айша анамыздың көзін көрген табиғин, өз заманының ғұламасы Ибрахим ән-Нәхағи былай дейді: ِ

ة َّ ر ُّ َ ْح َت الس َ الِِه ِ ف َّ ي الصلاَِة ت َ َل ِى شم ُ ع َه ِمين َ ُ ي َ َضع َ َ ق َ ال : ي َ ِ اهيم ْر َ ْن إب ع

«(Намаз оқитын кісі) Қиямда тұрғанда оң қолын сол қолының үстіне қойып, кіндіктен төмен байлайды»66. Сондай-ақ, Басра қаласының ғұламасы, сахабалар- дың көзін көрген табиғин және көптеген хадисші ғалымдар тарапынан «Сенімді (Сиқа)» деген атаққа ие Лахиқ ибн Хамид Әбу Мижләз бұл мәселе жайында:

َ ِ اط َن َ ك ِف ّ ُ ب َ َضع ا ِ م ْجَلٍز َ ق َ ال : ي َ َب ْت أ َ ِمع َّ َان َ ، ق َ ال : س حس ْ ُن َ َح َّج ُ اج ب ِة َّ ر ُّ ْ َف َل ِ م ْن الس َس َا أ ُله َ َ ْجع َ ي َ الِِه و َ َل َى ظ ِاهِر َ ك ِف ّ ِ شم ِم ِينِه ع َ ي«

(Намаз оқитын кісі) оң алақанын сол қолының үстіне қойып, кіндіктің астыңғы жағына байлайды», – деген. Қол байлау, яғни, оң қолдың басбармағымен және шынашағымен сол қолдың білезігін қапсыра ұстаудың дәлеліне келсек, Имам Бұхари «ат-Тарихүл-Кәбир» атты еңбегінде Әзірет Әлидің шәкірттерінің бірі – Ұқба ибн Зәбиянның мына сөзін риуаят етеді: ُ

، وضعها ْه َ ن َالَى ع َع َ ا للهَُّللهَّ ت َ ِضي ّ ر َ ِلي َ ْن ع ّ ، ع َ ِلي َ ْن عقبة من أصحاب ع ع على الكرسوع «Әли (намазда қолын) білезігіне қойды». Ибн Әбу Шәйбәнің риуаят етуі бойынша: َ ِ ارِه َس ِ ي ْ غ ُس َ َلى ر ُ ع َه ِمين َ َ ي َ َضع َ ِ ف َّ ي الص َالِة و ا قام ٌّ َ إذ َ َ ِلي َك َان ع

«Әзіреті Әли намазға тұрғанда оң қолын сол қолының білезігіне қоятын». Жалпы, ешбір мәзһабта қол көкіректің дәл үстіне қойылады деген пәтуа да, нақты дәйек те жоқ. Қолды көкіректің үстіне қоюға байланысты келтірілген мына бір хадис дәлел бола алмайды.

عن وائل بن حجر قال : » صليت مع رسول اهلل صلى اهلل عليه وسلم ، ووضع يده اليمنى على يده اليسرى على صدره

«Муаууал ибн Исмағил Суфияннан, ал ол Асым ибн Кулаибтан, ал ол әкесінен, ал ол Уайл ибн Хужрдан риуаят етті. Ол былай деді: «Алла елшісімен бірге намаз оқыдым. Ол ( с.а.у.) оң қолын сол қолына, оны көкірегінің үстіне қойды». Бұл хадис Хузайманың сахихында келген. Хадисті риуаят етушілердің бірі Муаууал ибн Исмағил жай- лы Ибн Хажар өзінің «әт-Таһзиб» атты кітабында имам әл-Бұхаридың «Мұнкарул-хадис», яғни, хадисі қабылданбайды дегенін келтірген. Ал, хадистің майтал- ман шебері имам әз-Заһаби: «Ол сүннетке берік, аса шыншыл. Алайда, (хадис риуаят еткен кезде) көп қателеседі» десе, Ибн Сағд: «Ол сенімді (өтірік айтпайды). Бірақ, көп қателеседі», – деп, оның осы кемшілігін айтып кеткен. Ал, әд-Даруқутни болса: «Сенімді. Бірақ, жаттау қабілеті нашар» – деген.

Сондай-ақ, Ибн әт-Түркмени, Әбу Хатым, Әбу Зәрға секілді хадис білгірлері де Муауу- ал ибн Исмағилдің көп қателесетіндігін айтқан. Байқағанымыздай, «Алла елшісімен бірге намаз оқыдым. Ол ( с.а.у.) оң қолын сол қолының үстіне, со- дан соң қолын көкірегінің үстіне қойды», – деген хадис сахих емес. Өйткені, хадисті бізге жеткізген Муаууал ибн Исмағил көп қателесетін әрі жады нашар болғандықтан, ондай адамның айтқаны есепке алынбайды.

Муәууал ибн Исмағилдің риуаятының негізгі мәтіні, мазмұны Мүслимнің сахихында, Насаидің сүнәнінда, Ахметтің мүснәдында, Тирмизиде, Ибн Мәәжада, әд- Даруқутнида және әл-Байһақида да бар. Бірақ, олардың ешқайсысында «қолын көкірегінің үстіне қойды», деп, айтылмаған. Тек оң қолын сол қолының үстіне қойды» деумен шектелген.

Бұл жайлы Хафиз ибн Хажар әд-Дираяі фи тахрижи ахадисил-һидаяда: «...Алла елшісімен бірге намаз оқыдым. Ол ( с.а.у.) оң қолын сол қолына әкеліп, көкірегінің үстіне қойды» деген хадис Ибн Хузаймада келтірілген. Бірақ, Мүслимде бұл хадистің «көкірегінің үстіне қойды» деген жері жоқ»,- деген.

Ендеше, Муәууал ибн Исмағилдің риуаятындағы «қолын көкірегінің үстіне қойды» деген жері «зияда», яғни, «артық». Жоғарыда хадис білгірлері Муәууал ибн Исмағилдің жадының нашар болуына байланысты көп қателесетіндігін айтып кеткен еді.

Олай болса, бұл жерде Муәууал ибн Исмағил «қолын көкірегіне қойды» деген сөзді негізгі хадис мәтініне шатасып қосып отыр деуге әбден негіз бар. Хадис ілімінде белгілі бір риуаят өзінен де жоғары дәрежедегі риуаяттарға қайшы келсе, ондай хадис «шәәзз», деп, аталады. Ал, хадистің сахих болуы үшін «шәәзз» болмауы шарт.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: