Қордай ауданына облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғ.Жапек арнайы іс-сапармен ат басын тіреді. Жұма уағызының аяғында мәртебелі қонақ ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфтидің бұйрығымен жамағатты таныстырып, өкіл имам Д.Жұмабаевтың ыстық сәлемін жеткізді.
Бас Мүфти бұйрығымен Д.Қасымалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен өз еркімен босатылып, Қордай ауданының бас имамы қызметіне осы мешіттің наиб имамы Дәуренбек Жандосұлы тағайындалды.
Ғ.Жапек имамдар жұмысына сәттілік тілесе, жамағат атынан Дастан Қасымалиевке қазақи дәстүр бойынша шапан жабылып, ақсақалдар қос имамға ақ батасын беріп, істеріне сәттілік тіледі.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі