Қыздар-әйелдер секторы 25 баланы мектепке дайындады.

Қыздар-әйелдер секторы 25 баланы мектепке дайындады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін «Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Қыздар-әйелдер секторының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» науқаны өтті.

Іс-шара барасында жалғызбасты, көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың бүлдіршіндеріне мектепке сөмке мен оқу құрал-жабдықтары үлестірілді.

Қасиетті Құран Кәрімде алғаш түскен аятта: «Оқы!» деп әмір етілген. Осы әмірмен жыл сайын білім ордалары балаларға толады. Мешіттің нәзік жандылары биылғы оқу жылына 25 оқушыны дайындады.

Аталған қажеттіліктерді сектор жетекшісі Зейнеп Үсенова мен осы мешіттің ұстазы Гүлжан Алдасаева табыстады.

Балдырғандар мәз-мейрам болып сөмкелерін асынса, ата-аналары қуанып алғыстарын білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: