Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлының қатысуымен Тараз қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған көпшілік кітапханасы жүйесіне қарасты М.Әуезов атындағы кітапханада «Діни эсктремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты тақырыпта пікір алмасу іс-шарасы өтті. Сондай-ақ, аталмыш шараға кітапхана ұжымы мен тұрақты оқырмандар қатысты.
Қанат Жұмағұл өз сөзінде қазіргі таңдағы экстремистік ағымдардың сипаттары мен олардың зияндылығына тоқталды. Бірі кетсе, екіншісі толастамай ағып келе беретін бұл ағымдардан сақтанудың бірде бір жолы – руханиятымыздың темір қазығы болып табылатын ханафи мазһабын терең түсініп, оны ұстану.
Экстремизм қоғамда екі түрлі сипатта көрініс табады. Біріншісі – идеологиялық насихат болса, екіншісі – экстремисттік идеология негізінде қоғам азаматтарына зорлық-зомбылық, қысым көрсету, яғни экстремизмнің терроризмге ұласуы. Соған сай экстремизге қарсы күрес те екі сипатта болады – ақпараттық күрес және билік күшімен жасалатын күрес. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Алла тағала Құран арқылы жөнге келмегенді қылыш арқылы жөнге салады» деген хадисі осыны аңғартса керек, - деп түйіндеді маман.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі