«Біз мектепке барамыз»

«Біз мектепке барамыз»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына орай, әр жылда «Мектепке жол» науқанының аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арналған қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылуда.

Мұндай науқанның жылда өтуіне байланысты, жағдайы төмен жанұялар тамыз айы басталысымен орталық «Меркі ата» мешітіне келіп, мектепке қажет бұйымдарын жазба түрінде көрсетіп, тізімге тіркеліп жатты.

Акция барысында, мүмкіндікке қарай 30 отбасының ұл-қыздарына мектеп формасы, сөмке, оқуға қажетті бұйымдар бүлдіршіндерге табысталды.

Ата-аналар разылықтарын білдіріп, жасөспірімдердің жүзінде күлкі ұялап, мәз-мейрам болған-ды.

Аудандық «Меркі ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: